Жетісулық партияластар челлендж өткізді
Осының аясында аудан-қалаларымыздағы партия ардагерлерімен белсенділері, бастауыш партия ұйым төрағалары, партия филиалының басшылары, жасотандықтар қолдап, өз ойларын желіде білдірді.
«1997 жылы еліміздің астанасына айналған Нұр-Сұлтан қаласы көз ілеспес жылдамдықпен салынып, әлемнің озық шаһарларымен иық тіресетін деңгейге жетті. Тәуелсіздікке қол жеткізген қым-қуыт, қиын кезеңде нар тәуекелге бел буып, ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру ерлікке пара-пар қадам еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әр нысанның жобасы заман ағымына лайықталып, Қазақстан Республикасының шарайнасына айналардай жобаланды. Бүгінде Нұр-Сұлтан жастар қаласына айналып үлгерді. Елдің түкпір-түкпірінен арман қуып келген, талантты, жігерлі әрі жалынды жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Сол арқылы еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы атанып, инновациялық орталығы ретінде бой түзеп келеді. Мәңгілік Елдің астанасында шаһар шырайын кіргізетін нысандар әлі де салынып, әлем бойынша ең жас, еңселі әрі көрікті қаланың көшін бастай бермек. Елордамыз жайлы өз ойыммен бөлісе келе, "Елорда - елдің бірлігі, Елбасы ерлігі" атты челленджді бастау алып, өңірімізде партияластарға жолдаймын» - деп Жанболат Әкебайұлы атап өтті.
Шара барлық аудан-қалаларды қамтып, танымал «Facebook», «Instagram» арқылы жарияланды.
