Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жыламашы құлыным

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Түн жамылып келеді,

Жұлдыздар жайнап.

Жарық, жұлдыз сөнбейді

Тұрмын, мен қарап.

 

Сұрақ қойдың, боташым,

Әкеміз, қайда?

Не айтайын, жұлдызым,

Мұндай жағдайда?

 

Жыламашы құлыным,

Әкеңді ойлап.

Сен есейіп өскенше,

Келер ол тойлап.

 

Бүгін көрсе, сендерді,

Әкең, өкінер.

Алыс жақта, жүріп ол,

Мүмкін, түсінер.

0
1
466

Осы тақырып бойынша

Жыламашы құлыным - Yvision.kz