Мазмұнға өту
Aikosmuz

Айгүл Сағымбайқызы

@Aikosmuz

Сайтта 2013 ж. 21 қазан

Родилась в г. Целинограде, ныне столица Республика Казахстан г. Астана В 1987 г. Окончила КГМИ, факультет санитарно - гигиенический. Народный писатель свободного жанра Деньги на поддержку канала и покупки нового оборудования по возможности можете выслать на нижеуказанный счет в киви: QIWI - +77478330581 Бақытжан Бекмұхаммедұлы

рейтинг

250

жазбалар

570

пікірлер

456

тіркелуші

18

жазылымдар

0

Аудиопоэзия «Ақылым көп деп, мақтанба»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Ақылым көп деп, мақтанба,

Сененде көсем, табылар.

Біліммен бөліс, ойланба,

Аянбай сілте, сен жолдар.

 

Байлығым бар деп, мақтанба,

Сененде мықты, табылар.

Кедеймен бөліс, аянба,

Ең үлкен береке, сол болар.

 

Күшім бар деп, мақтанба,

Сененде оқасы, табылар.

Ренжітіп, салсаң сен, таңба,

Өзіңе қайта, оралар.

 

Қулығым бар деп, мақтанба,

Сененде, зоры табылар.

Бір күндік, өмірге алданба,

Әбсәтте, тақырда қалдырар.

 

Көзім көреді деп, мақтанба,

Сененде артық, көрер бар.

Зағиптың мұңы, ақ танда,

Тілекте, тәубе онда бар.

 

Зырылдап, өмір өтеді-ау,

Талғамай байды, кедейді.

Алла деп, керек армандау,

Тек сезім, сені жебейді.

 

Бұл өмір, шіркін щолаққой,

Адамдар өмірде, қонаққой.

Адамға керек, терең ой,

Өйткені, ен қымбат, өмір ғой.

1
2
796

Сезім

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Сезім, сүю, әр адамға, бір арман,

Іздегенім, табылғандай, о жалған.

Қуаныш па, жүрегімді баураған?

Бақытсың ба, әлде маған табылған?

 

Өрттей болып, ыстық лебіз, лап етті,

Бір көрмесем, баса алмаймын бұл дертті.

Есте сақтап, қалайықшы, бұл сәтті,

Шыр көбелек айналдырып, әкетті.

 

Бұл сезім бе, махаббат па, әлде арман?

Армандаумен іздегенім, сендей жан.

Айларменен, күндер өтті, талай сан,

Бақыт болдың, маңдайыма жазылған.

0
1
318

О, махаббат «О, махаббат, тәтті маған сезімсің»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы О, махаббат, тәтті маған сезімсің, Ұшырдың-ау, талай мені, белеске. Сен мен үшін, айым едің, күнімсің, Бұдан артық, маған бақыт, керек пе? О, махаббат, күйдірдің-ау отыңа, Керемет қой, қасиетті құдіретің. Бара бергім, келе береді, жаныңа, Аялайын, жақсы болсын, көңілің. О, махаббат, көсем қылдың, біреуді, Талайларды, бұл сезіммен, ерлеттің. Жылаттың да, әндеттің де, көңілді, Талайлардың, түбіне де сен, жеттің. О, махаббат, қандай нәзік, сезімсің, Қанат беріп, сан биікке, жеткіздің. Сан биікте, самғататын, күшімсің, Ерекше қылып, сен өмірді, көрсеттің. О, махаббат, мас қыласың, адамды, Бұл сезімсіз, бүкіл дүние, қараңғы. Баурап алдың, бар күшіңмен, санамды, Сен болмасаң, бұл күндерім, мұң қайғы. О, махаббат, тербелейік бесікте, Шын ғашыққа, бақыт болсын тіл…

0
1
679

Сағыныш, сағым, жылдарым

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Сағыныш, сағым, жылдарым,

Көбеді-ау өзіңе айтарым.

Тізбектеп жинаған, мұңдарым,

Қиналды-ау, қайтейін, бұл жаным.

 

Күйдіріп барады, өкініш,

Айта алмай саған, мұңымды.

Өзіңе жолдадым, өтініш,

Түсінсең енді, жанымды.

 

Әрине, бәріне шыдармын,

Сол кешті, есіме алармын.

Тағдырдан, бір шешім сұрармын,

Болсаңда, мен үшін, мұңарым.

 

Бұл сезім, жауапсыз не керек?

Соқпаса егіз боп, бұл жүрек.

Не үшін, іздеумен мен әлек?

Бұл тағдыр, сенімге не демек?

 

Есімде қаларсың, жылдарым,

Сақтармын, боларсың тұмарым.

Қайтейін, болмадың сен жарым,

«Хош, сау бол» - ендігі айтарым.

0
1
755

Сары-Арқа «Сары-Арқама арнау»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Мен, қазақтың қызымын, мақтан тұтам,

Жусанымен мүңкіген, бар кең далам.

Сен биікке ұшырдың, болдың мақтан,

Ғашық болдым өзіңе, бала шақтан.

 

Сары-Арқама сүйсініп, қарай берем,

Сағынышты баса алмай, саған келем.

Еркелікті көтерген, туған өлкем,

Бүгін саған, айтшы енді, мен не берем?

 

Әнім болсын, енді саған, арнауым,

Сен үшін ғой, мынау менің, бар жаным.

Сапар шексем, алыстағы қалауым,

Қайта оралу, маған үшін, сол бағым.

0
1
567

Тосумен болдым-ау жолыңды

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Тосумен болдым-ау жолыңды,

Баса алмай қинаған, сағымды.

Неліктен сынадың, бағымды?

Әттең-ай, өртедің жанымды.

 

Сен едің, мен үшін серігім,

Бар бақыт, тек саған тілегім.

Сүйемін, деп соғады жүрегім,

Әттең-ай, сен едің керегім.

 

Сенбеспін, енді мен басқаға,

Үреймен қараймын, жасқана.

Қалдың-ау сынап, тағыда,

Әттең-ай, басқа жағада.

0
1
365

Жылымды тәубе деп, бастайын

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Жылымды тәубе деп, бастайын,

Сенімге, сенімді, қосайын.

Алламды, қасымнан табайын,

Құранмен иманда, болайын.

 

Аллама, мыңда бір, көп рақмет,

Жылға – жыл қосылды, ғанибет.

Білмесем мен сені, сол қасірет,

Бұл сенім, біз үшін, керемет.

 

Аллама ризамын, мен бүгін,

Мен сенсіз, қалайша, көрдім күн?

Тазарды елімде, қайғы мұң,

Азанмен, қасиетті, шықты үн.

 

Жаратқан ием, кешіре гөр,

Еліме бақытты, бере гөр.

Халқымның көргені, болсын төр,

Тек Алла, сен бізге, сене гөр.

 

Беруде, алуда, өзіңде,

Өмірдің жарығы, сенімде.

Сол жарық, ешқашан сөнбесін,

Ел – жұртым, қиындық көрмесін.

0
1
524

Жаңа 2014 жыл құтты болсын

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Ақ қарымен, нұр шашып,

Жаңа жыл келеді, асығып.

Кең далама, ән салып,

Ақшақар келді, таң қалып.

 

Береке, қуат серігі,

Орындалсын, елдің тілегі.

Қуанышта болсын, жүрегі,

Жанұя болсын, тірегі.

 

Бақыттың нұры, сөнбесін,

Қияметті ешкім, көрмесін.

Қазағым биіктен, көрінсін,

Аман бол, елім, біз үшін.

 

Жаңа жыл, арман, аңсаған,

Біз үшін бақыт, кең далам.

Тілегім, береке, тек саған,

Жәйнәй бер, мәңгі Астанам.

 

Бұл жылда, құр қалмаңдар,

Орындалсын, бар арман.

Жақсылыққа, жылды, жалғаңдар,

Үзілмесін, той думан.

 

Жаңа жылда бәріміз,

Жарассын әнмен, сәніміз.

Қуанышта болсын, күніміз,

Сәтті болсын, жылымыз.

0
1
544

«Желтоқсан» Тәуелсіздік күніне арнайы

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Талай азап, өтті бастан, Елге жетті, желтоқсан. Сенім үшін, қыршын болған, Айналайын жастардан. Сол ызғарлы желтоқсанда, Қанға толды, бар алаң. Өтіп кетті-ау, сұр жалғанда, Аналарға, бұл жараң. Болмас па еді, сол жастарым? Бірі әке, бірі ана. Ойланбастан, елі үшін, Жанын берді, отанға. Мақтан тұтам, қазағыма, Мың өліп, мың тірілген. Суық қыста, мазағыма? Үстеріне, су төккен. Мақтан етем, аналарға, Ұл қыздарын, өсірген. Жетпес берсем, бағаларға, Көрген уайым, қасіретпен. Бағалайық, егеменді, Есте ұстап, сол күнді. Өшірмейік, біз сенімді, Тастап кеткен, үмітті. Туған күнің, құтты болсын, Әр ұлттарың, бар қауым. Егеменді, туың болсын, Болсын әнім, ұраным. Әр ұяға, бақыт қонсын, Ашық болсын, жолдарың. Көк аспаның, бұлтсыз болсын, Тойда болсын, жылдарың. Атың,…

0
1
1710

Сағынамын

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Күндіз, түнде, неге сені, сағынамын?

Жүрегімнің, дүрсіліне бағынамын.

Сені ойласам, ұйқым қашып, қиналамын,

Бірге болған, күндерімді, еске аламын.

 

Әлде қалай, махаббатың заңы, солма?

Шын сүйгендер, бола алмайды-ау, мәңгі жолда.

Тең келмейді-ау, енді жаным, саған басқа,

Махаббатты, бағалайық, қолда барда.

 

Неге сезім, қалды енді, аңыз болып?

Тек сергелдең, сары уайым, қалды басып.

Ұмытылмас, есіміңді, кеттің жазып,

Жүрегімнің, ақ төрінен, орын алып.

 

Сағынамын, сол бақытты, күндерімді,

Мөлт-мөлт еткен, сұлу қара көздеріңді.

Түсінсемде, түсінбеспін, бұл өмірді,

Қайтып басам, аласұрған көңілімді?

0
1
954