Мазмұнға өту
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

Сайтта 2016 ж. 21 наурызКазахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

жазбалар

315

пікірлер

85

тіркелуші

20

жазылу

1

Бейімбет Майлин ескерткіші алдында

Қостанай қаласы бас қаладан 700 шақырымнан астам қашықтықта, дегенмен туған облыс орталығына жету қиынның қиыны екен.Ұлттық лоукостерге билет жоқ.Сосын Қазақстан теміржолының сайтына кіріп, онлайн билет алмақшы болдым. Орын жоқ деп тұр, кейін өзге агрегаторлардан іздеп, таптым. "Асыққан шайтанның ісі" деген рас екен, "билет қалтада, поезд қайда кетеді" - деп "Нұрлы Жол" вокзалына барғанда ғана, алған билетім келесі айға екенін көріп, өзім де түсінбей, таң қалып қалдым. Бұрын, Қостанайға автобуспен барып, енді мінбейтіндей болғам. Жол ұзақ, шаршайсың, аяғыңынды еркін жазып отыру мүмкін емес, ең бастысы қалаға түн ортасында келесің? Онда, қаларалық такси қызметін пайдаланып көрейін деп шештім, әрине, бір жолы ондай такси ертеңіне ғана келіп, астанаға ала кеткен. Осы жолы түні бойы жүретін б…

0
0
1350

"Дің" туралы

Жалпы, "дің" туралы айтқанда есімізге "Екідің" еске түседі.Екідің – VIII-IХ ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіштері, шамамен ерте темір дәуірінде пайда болған. Қостанай облысы Арқалық қаласы Екідің ауылының солтүстік-шығысына қарай, Қараторғай өзенінің екі жақ жағасында орналасқан. Ол ертедегі екі рәсімдік құрылыс жабайы тастан киіз үй тәріздес салынған.Ескерткішті 1959 жылы Ә.Марғұлан жетекшілік еткен ғылыми экспедиция зерттеген. Академик Әлкей Марғұланның деректеріне сүйенсек, бұл ескерткіш қазақ мәдениетіндегі алғашқы үй құрылысы өнерінің дамуын бейнелейді. Екідің І Қараторғай өзенінің сол жағалауында орналасқан, Екідің ІІ – биігіректе, алыстан жақсы байқалады. Екеуінің арақашықтығы 4 шақырым. Біріншісі (Дің-1) Екідің ауылынан шығар жол жиегінде, өзеннің сол жағында, ал екінші…

0
0
688

Дәуітбай сайы

Торғай қаласынан 18 шақырым қашықтақта Дәуітбай сайы деп аталатын жер бар.Дәуітбай сайына, дұрысы сол жердегі үлкен қорымға бәлен рет барсам да ар жағындағы сайды толық көрмеген екенмін. Кейін оған да жол түскен еді.Аңыз бойынша жаугершілік заманда шапқыншылардан тығылған жұрт осы сайға келіп паналаған екен. Сонда, қатты жаңбыр жауып, сай-саланы су басып, сайдағы талай адам ажал құшыпты. Анық-қанығын білмедім әрине, бірақ естіген құлақта жазық жоқ.Көрінісі керемет екен, біресе тік жар, енді үлкен сайыңыз тіпті шатқалға ұқсап кете ме? Ол жерде кідіріп, суретке түсіріп, одан кейін әйдік қорымға барған едік.Бұл кішкене қырда орналасқан үлкен қорымның менің білуімше кем дегенде үш ғасырлық тарихы бар, бәлкім одан да ұзақ болуы мүмкін. Жалпы, мен мынадай бір ерекшелікті байқадым. Әдетте, қазақ…

0
0
1246

Тосынқұм туралы

Бір жолы Шақшақ Жәнібек адамдарымен қонысқа жер көріп жүргенінде қалмақтарға кездесіп қалып, жерді босатыңдар деген талап қояды. Олар қарсы дау айтады. «Онда берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан алармын»,– дейді Жәнібек. Қалмақ жағы: – Соғысып адам шығындамайық, жекпе-жекке тұрайық. Кімнің батыры жеңсе, жерді соған қалдырайық, – дейді. Бәтуә осы болған соң, күн байласып, жекпе-жек өтетін орынды белгілеп, үш күнге пұрсат алысады.Содан Жәнібек жекпе-жекке Уақтың Жолмырза, Қарамырзаларына ат шаптыртып, Қазы Бармақ батырды қосар атпен алдыртады. Бармақ келіп жеткенде, – Жолсоқты болып келдің ғой, бүгін демал, ертең болсын жекпе-жек, – дейді. Бармақ, – Жоқ, неде болса осы келген бетімде көрейін, хабар бергізе беріңіз, – дейді. Қалмақ жағына жекпе-жекке әзірміз деген хабар жіберіледі. Ол жақтан С…

0
0
538

Баба Түкті Шашты Әзіз

«Қобыланды батыр» жырында батыр жауға аттанғалы тұрғанда анасы былай жалбарынады:Қалғып кетсе, қағып жүр,Адасып кетсе, бағып жүр.Қозыма келген пәлені,Ықылас ата, Шашты Әзіз.Осы кеткен қозымды,Тек тапсырдым қолыңа… («Батырлар жыры», 1-том).Иә, батырлар жырында, жалпы ауыз әдебиетінде Баба Түкті Шашты Әзіз жиі айталады, қайталанады.Ал, бұрынан естіп жүрген аңыздың бірінде Баба Түкті Шашты Әзіздің үш пері қызын көргені айтылады. Ол әлгі үш қыздың біреуінің қолынан ұстайды. Қыз суға сүңгиді, әулие де сүңгиді. Ақырында Баба Түкті Шашты Әзіз соған үйленеді. Қыз үш түрлі шарт қояды: аяқ киімімді шешкенде аяғыма қарама, киімімді шешкенде қолтығыма қарама, шашымды жуғанда, төбеме қарама дейді. Алайда, Баба Түкті Шашты Әзіз әлгі үш шартты бұзады. Оны сезген пері: «Ішімде алты айлық балаң бар! Соны…

0
0
1307

Қарағаш-қазақ байланысы туралы

Орысша айтқанда «История не терпит сослагательного наклонения» деген бар. Иә, заманында ноғайлар үлкен жұрт болып, солтүстік көршіміздің төбесінен "нагайка" болып оларды сықпыртып еді. Ноғайлардың Мәскеуді сан мәрте өртеп, Қырым мен Мәскеу арасындағы жолдың Ноғай жолы деп аталғаны күні кеше еді. Бақ тайды деген сол ғой, заманындағы Дунай мен Дон, Құбан мен Құма, Терек, Еділ мен Жайық және Жем бойын жайлаған жұрттың қазақ тарихында "Орманбет би өлгенде, Он сан Ноғай айырылды. Қазақ сыртқа (сартқа) қайырылды" дейтіні содан. Міне, осы кезде қалмақ арасында қалған ноғайлардың бір тобы Бестау түбінде (қазіргі Пятигорск), дәлірек айтсақ Қарағаш деген жерде қолға түсіп, қалмақ арасында ұзақ тұрады. Кейін оларды қалмақтар Астрахань аумағына жер аударады.Айтқандай, олардың (ноғайлардың) жембойлық,…

0
0
1005

Бурабайға барсаңыз немесе бізден де бір кеңес!

Қалай жетеміз:Егер, Сіз Қазақстанның бас қалаға іргелес аймағынан емес, өзге өңірден болсаңыз, Көкшетауға ұшақпен келіп, одан әрі көлікпен жетуіңізге болады. Немесе поезд арқылы Щучинск (Бурабай курорты) жетіп, сол жерден 19 шақырым жердегі Бурабай кентіне бара аласыз. Такси де бар, автобус та жүріп тұр. Көлікпен автобанда өту құны 200 теңге.Жалпы, ең жақсысы астанамыздан көлікпен жеткен абзал. Қазақстанның қай жерінен болса да Нұр-Сұлтан қаласына келу қиын шаруа емес, одан әрі Бурабай салыстырмалы түрде айтсақ тиіп тұр, яғни 240 шақырым ғана қашықтықта орналасқан.Баға бойынша:Мысалы, бас қаладан электричка Щучинскіге - 1884-2439 теңге (отырып барасыз), Бурабай кентіне дейін автобус - 2000 теңге, такси - 3500 теңге шамасында, айтқандай Щучинск пен Бурабай кенті арасындағы такси бағасы ада…

0
0
749

Арқада Бурабайға жер жетпейді....

Ең бірінші рет Бурабайға бір компанияда штаттан тыс жұмыс істеген кезде барғаным есімде, басшымыз жолымызды төлеп, ас-суымызға тапсырыс беріп қойыпты. Көпшілігіміз отбасыларымызбен келдік.Өзі саяхат жасауды ұнатататын, тек Бурабай атауын Боровое деген сөзден шыққан деп, біздің жұртқа қатысы жоқтай айтты.Есімде қалып қойыпты, түсіндірдім, бірақ, әлі де өзге жұрттың ыңғайымен туған жеріміз тарихы бұрмаланатыны шын.Одан бері Бурабайға талай жол түсті.Ал, жалпы, Бурабай туралы айтқанда есімізге әуелі Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфуллин түседі, себебі Бурабайды олардан артық жырлаған ешкім жоқ шығар.Мысалы, Мағжан ақын:"Арқада Бурабайға жер жетпейді,Басқа жер ойды ондай тербетпейді.Бурабайдың көлі мен КөкшетаудыКөрмесең, көкіректен шер кетпейді.Қиясымен бұлт құшқан ОқжетпестейБасқа тау ойды ас…

2
4
1410

2021 ж. шілде айында Тылсым Торғайға тур туралы

"Аты Торғай болғанмен Торғай жері қырандар мекені" екені аян.Бұл кешегі Шақшақ Жәнібек пен Иман сияқты батырларды, Ахаң мен Жахаңдай, яғни Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлындай арыстардың дүниеге келген киелі мекені. Бір қызығы өлкеміз ұлы тұлғаларды қос қостап тудырады екен, мысалы, Сырбай мен Ғафу сияқты, Кеңшілік-Серік деп кете береді!Алайда, оның тағы бір қыры - тылсым Торғай туралы көп айтыла әрі жазыла бермейді, ең бастысы Торғай жері туристер үшін әлі де таңсық мекен.Сол олқылықтың орнын толтыру үшін 2016 жылы ашылған "Тылсым Торғайға саяхат" турын бір жылғы үзілістен кейін биыл қайта ұйымдастырып отырмыз.Тиісінше, "Тылсым Торғайға саяхат" туры 2021 жылғы 4-6 шілде аралығына жоспарланып отыр.Егер Сізге:- Торғай геоглифтері;- кең сахарамыз;- тарихи ескерткіштеріміз бен музейл…

0
0
301

Арабаттағы ойран

18 мамыр қырым татар жұртының атақонысынан көшіріліп, жер аударылған күні!1944 жылы Қырымға жедел түрде 32 мың ішкі істер органдарының қызметкерлері жеткізіледі.1944 жылғы 18 мамыр күні аталған әскер құрамалары Қырымдағы әрбір татардың үйіне кіріп, 20 минутта жиналуға бұйырады. "Қашып кетуі мүмкін" деген желеумен тағы пулеметшілер қосындары сақадай сай тұрды, одан өзге үштіктің орын алуы мүмкін оқыс оқиғаларға дайын болды. Өмірі туған ауылынан ұзап көрмеген ата-әже бір уыс туған жер топырағын аламын деп сыртқа шықса, бірден пулемет оғынан ажал құшар еді, ондай уақиғалар да орын алып жатты. Соғыстан жаралы оралған татар сарбазы ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыздылығы туралы айтатын болса, бірден таяқтың астында қалып, қой сияқты машина бортына лақтырылатын. Жауыздар қатты науқас…

0
0
537