Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Арабаттағы ойран

18 мамыр қырым татар жұртының атақонысынан көшіріліп, жер аударылған күні!

1944 жылы Қырымға жедел түрде 32 мың ішкі істер органдарының қызметкерлері жеткізіледі.

1944 жылғы 18 мамыр күні аталған әскер құрамалары Қырымдағы әрбір татардың үйіне кіріп, 20 минутта жиналуға бұйырады. "Қашып кетуі мүмкін" деген желеумен тағы пулеметшілер қосындары сақадай сай тұрды, одан өзге үштіктің орын алуы мүмкін оқыс оқиғаларға дайын болды. Өмірі туған ауылынан ұзап көрмеген ата-әже бір уыс туған жер топырағын аламын деп сыртқа шықса, бірден пулемет оғынан ажал құшар еді, ондай уақиғалар да орын алып жатты. Соғыстан жаралы оралған татар сарбазы ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыздылығы туралы айтатын болса, бірден таяқтың астында қалып, қой сияқты машина бортына лақтырылатын. Жауыздар қатты науқастар мен ақыл есі кеміс қырым татар кісілерін табанды атып тастап, өзгелерге қорқыныш сезімін ұялтауға тырысты...

Осындай зорлық-зомбылыққа шыдай алмай қарсылығын білдірген кез келген қырым татар адамын да табанда атып тастайтын...

67 эшелонға мал сияқты тіркелген қырым татар жұрты Еділ бойы мен Орта Азияға жіберіліп, соғыс біткен соң майдандағы қырым татарлары мен Қырыман тыс өмір сүретін қырым татарлары да жер аударылды. Жалпы, 238 500 қырым татар жұрты, оның ішінде, 205 900 қырым татар әйелі мен баласы, күштеп жер аударылды. Отанынан қуылған Қырым татар жұрты аурудан, сырқаудан жартысын жоғалтты!

Қырым қаңырап қалды...

1944 жылдың күзінде Қырымға Ресейдің өлкелері мен облыстарынан қоныс аударушыларды жібере бастайды, олар қырым татарларының үйіне кіріп алып, татарлардың бақтарын иеленді, татарлардың ата-бабаларына қойған мола тастарынан щошқа қораларын салды....

Жоғары жаққа ақпарат беріп, Қырым түбегінің байырғы тұрғындардан тазартылғаны жеткізіледі, бірақ...

Бірақ дейтініміз, тұтастай бір халықты геноцидке ұшыратқандар Қырымның алыс түпкірі Арабат мүйісінде тұратын аз ғана қырым жұрты туралы ұмытып кетеді.

Не істемек керек? Оның да жолы табылады.

1945 жылдың қыркүйегінде Арабат мүйісінде тұратын қырым татарларын екі сағатта жинап, ескі баржаға тиеп, Азау теңізінің ортасына апарып, суға батырып жібереді...

Тұтастай бір халық "сенімсіз" деп танылды (1986 жылы бізге де осылай жала жабылып еді), ал, фашистерге қарсылық көрсеткен астыртын ұйым басшыларының отыз екісінің жиырма бесі қырым татарлары болатұғын. Неміс фашистері Қырымды оккупациялау кезінде 12 мың қырым татарын атып тастаған еді... 102 қырым татар ауылын жермен-жексен етті...

Оның үстіне 55 мың қырым татар жауынгері майдан даласында қалды....

Гульнара Абдуллаеваның материалын қысқартып және ықшамдап аударған Амандық Әмірхамзин

1990 жылдары атамекеніне оралған татарлар енді орныға бастағанда 2014 жылы Қырым жұртының басына тағы қатер төнді, Ресей әскері Қырымға басып кіріп, ендігі күні Қырым татарлар өз жерінде өзінің күйін кешіп, 50 мың қырымлы бас сауғалап қашуға мәжбүр болды...

0
0
538

Осы тақырып бойынша

Арабаттағы ойран - Yvision.kz