Илон Мәсіх болмаса немесе зымыран қалдықтарына қатысты бір ой
Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімдерге сәйкес және бұрынғы уағдастықтарға сай Қызылорда, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарының аумақтарына зымыран қалдықтары түсіп жатыр. Әрине, ол, өз жеріміздегі Байқоңыр космодромымен ұшып шығады.Зымыран қалдықтары қазақ даласына құлап, улап жатыр, және оның зәрі, уыты ондаған және жүздеген жыл бойы сақталып, жан-жануарларды, өсімдіктерді, су-топырақ қабатын былай қойғанда, адам баласының өміріне де зиян. 2015 жылы Қазақстанда қырылған ондаған, жүздеген мың киіктің обалы осы гептилден деген ой келеді....Ал, халық даенсаулығына келетін болсақ, Қазақстанда әр күн сайын 100 шақты онкологиялық ауру белгісі анықталып жатады екен...Оның үстіне бұл зымыран қалдықтары 3 мың тоннаны құрайды және құлаған замыран сынықтарының өзі 600 жетті. Мұның бәрі…
