Мазмұнға өту
ShalkarovaAidana

ShalkarovaAidana

Сайтта 2020 ж. 4 қазан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

10

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Отбасылық қақтығыстың жиі болу себептері«Менің ата-анам қаржылық жағдайдың кесірінен ажырасып кетті»

Отбасы – әрбір адамның өміріндегі ең маңызды орынды алатын қымбат құндылық. Бала көзін тырнап ашқан кезден бастап ата-анасының қамқорлығын, жылулығын көріп, «отбасы, жанұя» деген сөздердің мәні мен мағынасын түсініп өседі. Әкесіне, анасына, бауырларына қарап ой түзейді, бой түзейді. Кішкентай бала үшін отбасындағы адамдардың рөлдері өте маңызды. Ер бала әкесінен ауыр жұмыстарды қалай жасау керектігін үйренсе, қыз бала анасынан ас үйдегі жұмыстарды жасап үйреніп, тәлім алады. Қыз бала әке мейірімін көрсе, ер бала анасының жылулығын көріп, тәлім-тәрбие алып өседі. Яғни, ата-ананың бала үшін маңызы өте зор. Ол үшін отбасының толық болуы әрі салиқалы, өнегелі болуы маңызды. Әкесі мен анасы күнде қақтығысып, ұрыс шығара берсе, оны көрген бала қандай тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алмақ? Ата-ананың ө…

0
0
683

Анар Салқынбай: «Қабылданған әліпбидің енді ауыспағанын қалаймын»

Тіл- әрбір елдің тәуелсіздігін айқындайтын басты аргумент. Тіл қаншалықты құнды болса, оның әліпбиі де соншалықты маңызды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлықты қабылдаған болатын. Бұл бастама көтерілгенде қоғам екіге бөлініп, идеяны қолдағандар да, қолдамағандар да болды. Қазақ тілінің жазу тарихында бұл төртінші әліпби ауыстыру кезеңі. Осыған дейін араб, латын, кирилл жазу әліпбиі қолданылған. Кейбір тарихшылар қазақ тілінің шығу тарихын «Руна» көне түркі тілімен де байланыстырады.Қазақ тілінің тарихына назар аударар болсақ, 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін халық латын әліпбиін қолданған. 1940 жылы « Қазақ жазуын латын әліпбиінен орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» жарғы қабылданып, жазу үлгісі л…

0
0
276

Қос диплом иеленген студент: "Қазақстанда алған дипломым мен үшін қызмет етіп жатқан жоқ"

Қазіргі таңда Қазақстанда 180-ге жуық Жоғары Оқу орны бар. Әрбір талапкердің өзі қалайтын университетке түсуге мүмкіндігі жоғары деңгейде. Елімізде мемлекеттік гранттан бөлек, әрбір Жоғары Оқу орнының ішкі гранттары да жыл сайын бөлініп, талапкерлерге жеңілдік жасалып келеді. Алайда, шетелге оқуға кететін қазақстандықтардың саны жылдан-жылға көбеюде. Қазақстан 1994 жылы «Болашақ» халықаралық стипендияларын тағайындады. Осы бағдарламаның аясында әлемдегі ең жоғары беделге ие мемлекеттерде , соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия секілді елдерде білім алуға мүмкіндік пайда болды. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, «Болашақ» бағдарламасы ресми түрде бекітілгеннен бері 12 мың қазақстандық шетелде жоғары білім алған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жастарға мемлекет тарапын…

0
0
132

Жетім көрсең жебей жүр

21 ғасырдың ең ауыр ахуалдарының, тақырыптарының бірі- жетім қалған балалар мен жетімдер үйі. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, бүгінгі күні Қазақстанда 80 мыңға жуық жетім бала бар. Бірақ бұл-тек Қазақстандағы саны. Қазақстан 1999 жылдан бастап шетелдік азаматтарға қазақ балаларын асырап алуға рұқсат берді. Сәйкесінше 1999 жылдан бері 8169 қазақтың қара көз перзенті шетелдіктердің шаңырағынан пана тапты. Балаларды жанұясыз қалдырмай бауырға басқан, әрине, жақсы. Алайда, ежелгі сұлтан Бейбарыс секілді туған жерін аңсап қалған балалардың саны қаншама?! Асырап алушы елдердің көшін Америка бастап тұр. Америкадан өзге әлемдегі 30-ға жуық мемлекет қандастарымызды асырап алған. Сонымен қоса, Испания және Бельгия қазақстандық балаларды асырап алушылардың қатарында болып саналады. Қазақс…

0
0
344

Қаламгер Софы Сматаевтың Бауыржан Момышұлына арналған эссесінен алар ғибрат

Софы Сматаев- қазақтың қарагер қаһарманы Бауыржан Момышұлымен жүзбе-жүз тілдесіп, батыр жайында көптеген естеліктерді өз аузынан жазып алған қаламгерлердің бірі. Бауыржан Момышұлымен бетпе-бет жүздесіп, онымен әңгіме-сұхбат құру кез келген журналистің қолынан келе беретін іс деп айта алмаймын. Мысалы, Әзілхан Нұршайықов батырмен сұхбат құрып, «Ақиқат пен аңыз» атты құнды еңбекті жарыққа шығарды. Әзілхан мен Софы жазушылардың туындыларын оқу арқылы ұлы батырдың сипатын танып-білгендей күй кешесің. Софы Сматаев та редакцияның бұйрығымен Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасады. Оның сұхбат кезінде іштей қалай толқып, не айтарын білмей қобалжыған сәттерінде өзің де сол жерде отырғандай сезімде болады екенсің. Оның кішкене еңбегінің өзінде Бауыржан Момышұлының қаншама қадір-қасиеті мен қайсар мінезі…

0
0
606

Жылдам оқудың кемшіліктері мен артықшылықтары қандай?

Қазіргі таңда жылдам оқу жеке пән секілді қалыптасып келе жатыр десек артық етпейді. Бұл дәйекке бүгінгі жасөспірімдердің, тіпті орта буын өкілдерінің жылдам оқуға деген қызығушылықтары мен ұмтылыстары дәлел бола алады. Тіпті жылдам оқуды меңгеру үшін 400-500 мыңға жуық ақшаларын жұмсайтын зерек жандар да бар. Осындай қазақ-орыс тіліндегі жылдам оқу курстарына қатысып, бүгінде алған білімін өзгелерге үйретіп жүрген оқытушылардың бірі – Кәусария Сағадатқызы. Ол өз тәжірибесіне сүйене отырып, жылдам оқудың жақсы, жаман тұстарын атап өтті. Оның айтуынша, жылдам оқи білу адам үшін артық емес, бұл саланы адам таланттарының бірі деп қарасақ та болады. Ол жылдам оқи білудің артықшылығы- есте сақтау қабілетінің жақсарып, ми қызметінің қалыпты болуына әсер ететіндігінде деп түсіндірді. Сонымен қос…

0
0
428

Адам бойында жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды

Адам- осы өмірдің, әлемнің дара перзенті. Менің ойымша, бақытты да, қайғыны да кейде адамның өзі жасап алады. Оның жасаған әрбір әрекеті оның болашағына әсер ететініне сенімдімін. Шынында, кейде адам баласы сабыр сақтамай, көптеген жерде жазықты болып қалады. «Сен де айыпты, мен де айыпты емеспін. Сенде де бар, менде де бар пенделік» деген Мұқағали Мақатаевтың сөзімен толықтай келісемін. Адамдар кей сәттерде жүрмейтін жолдармен жүріп, бағын да, бақытын да ұшырып алатыны рас.«Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпынуы» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров өз сөзінде адамның ең асыл қасиеті осында екенін атап өтеді. Әр адам бақытты әр жерден іздейді. Әлдекім үшін бақыт денінің саулығы, отбасының амандығы болса, енді бірі үшін бақыт деген жақсы, табысы көп жұмыс немесе арманындағы үй болуы мүмк…

0
0
1762

Тұлғаға толассыз тағзым

Биыл Ұлы жеңіске 75 жыл толды. Біздің жеңісіміз несімен «Ұлы» болды? Ұлы Отан соғысы кезінде қаншама қазақ қандасымыз өз жанын аямай, өскелең ұрпақ қамы үшін аянбай күресіп, қасық қандары қалғанша беріспеді. Майдан алаңында қаншама бауырымыздың, қаракөз әпкелеріміздің қандары төгілді. Елімізді, жерімізді сақтау жолында ерен еңбек көрсетіп, кеудесін оққа тосқан батырларымыз ақыр соңында Ұлы жеңіске қол жеткізді. Сол бір сын сағаттарда қаншама адам әкесінен, ағасынан, бауырынан айырылып, ұлтымыз егіліп, қабырғасы қайысты. Зұлмат соғыстың ащы зардабы кімнің болмасын жанына батып, ауыр соққы болып тиді. Алайда, қайрат-жігерін берік ұстап, соғыс майданында жан сақтап, «Кеңес Одағының батыры» атағының иегері атанған ержүрек, өр рухты азаматтарымыз бар.Бауыржан Момышұлы. Бұл ұлы есім әрбір қазақ…

0
0
431

Үшкілтай Сұбханбердина еңбектерінің қазақ баспасөзіндегі орны

Қазақ халқының әдебиеті өнегелі, тәрбиелік мәні бар, өскелең ұрпаққа ой саларлықтай мазмұнды әңгімелер мен хикаяттарға өте бай. Бүгін мен қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуші ғалым Үшкілтай Сұбханбердинаның шығармашылығымен таныстым. Қазақ баспасөзінің дамуына сүбелі үлес қоса білген ғалымның шығармашылық қоржынындағы сана-сезімімізді жандандырып, дара әрі сара жолға жетелейтін үш туындысымен таныстым. Мен, еліміздің жас өрені ретіне, бұл туындылар арқылы ойыма не түйдім? Ғалымның туындыларының бірі әрі бірегейі-«Төрешіден қалмайды, айтушыдан қалады» туындысы. Хикая тақырыбының өзі адамға қызықты әрі таңсық көрінеді. Бұл туынды арқылы ғалым нені аңғартқысы келді? Ой-талқыға салып көрейік. Автор әңгіменің мазмұнына осындай қысқаша анықтама беріп кеткен: «Мағынасы-жауапкер, кейбір уақытта т…

0
0
975

«Мен қазақпын» поэмасындағы рухани жігер мен ұлттық код ұғымдарының көріністері

Қазақ халқы – рухы биік, жігері асқақ, ұлттық мұрасын көздің қарашығындай сақтаған қастерлі ұлт. Қазақты жырына қоспаған қазақ ақыны, қазақты сөзге қоспаған қазақ қаламгері жоқ шығар. Ұлы дала халқын жырына қосып, жалын атқан жасампаз намыстың туы еткен ақындардың бірі - Жұбан Молдағалиев. Ақиық ақынның «Мен қазақпын» деп үн қатқаны-оның қазақ азаматы ретіндегі биік ұраны.Жұбан Молдағалиев-қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, дәстүрін, халықтың рухани байлығын анық ашып көрсеткен шебер ақын. Ақынның «Мен қазақпын» өлеңінде өршіл рух, терең патриоттық сезім, ұлттық жігер сынды сезімдер көрініс тапқан. Сондықтан да қазір бұл өлең еліміздің әрбір азаматының,яғни әрбір қазақтың өшпес ұраны.Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген,Жөргегімде табыстым мұң тілімен,Жылағанда жүрегім күн тұтылып,Қуан…

0
0
2561