Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұлғаға толассыз тағзым

Биыл Ұлы жеңіске 75 жыл толды. Біздің жеңісіміз несімен «Ұлы» болды? Ұлы Отан соғысы кезінде қаншама қазақ қандасымыз өз жанын аямай, өскелең ұрпақ қамы үшін аянбай күресіп, қасық қандары қалғанша беріспеді. Майдан алаңында қаншама бауырымыздың, қаракөз әпкелеріміздің қандары төгілді. Елімізді, жерімізді сақтау жолында ерен еңбек көрсетіп, кеудесін оққа тосқан батырларымыз ақыр соңында Ұлы жеңіске қол жеткізді. Сол бір сын сағаттарда қаншама адам әкесінен, ағасынан, бауырынан айырылып, ұлтымыз егіліп, қабырғасы қайысты. Зұлмат соғыстың ащы зардабы кімнің болмасын жанына батып, ауыр соққы болып тиді. Алайда, қайрат-жігерін берік ұстап, соғыс майданында жан сақтап, «Кеңес Одағының батыры» атағының иегері атанған ержүрек, өр рухты азаматтарымыз бар.

Бауыржан Момышұлы. Бұл ұлы есім әрбір қазақ перзентінің жадында жаңғырып тұрған болар. Ұлы Отан соғысын еске алғанда бұл кісінің есімі ойымызға түсері анық. Менің ойымша, Бауыржан Момышұлы есімі мен жеңіс ұғымы егіз іспеттес. Бауыржан атамыздың бойына біткен қайсар, өжет мінездері әр қазақ жігітіне үлгі боларлықтай. Батыр тұлғаның «Соғысқа еркелер емес, ел бастайтын серкелер керек» деген сөзі әрбір азаматқа, ержігітке айбат, күш-жігер сыйлайтыны анық. Ол кісінің «Шаң тимес» деген лақап аты болған екен. Яғни, бұл жаудың оғы түгілі, шаң да тимейтін мықты,жаужүрек екендігін аңғаруға болады. Ол 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Атты әскер құрамының мүшесі болған. Ұлы Отан соғысы кезінде дивизяны екі қазақ қана басқарған. Соның бірі-Бауыржан Момышұлы болған. Ол соғыс аяқталғаннан кейін қазақ әдебиетіне бет бұрған. Ол әдебиетке әскери жанрды алып келген біртуар жазушы деп айтсақ болады. Ол өз шығармашылығында соғыс жылдарындағы күндерді суреттейді.

Қорыта айтқанда, Ұлы Отан соғысына қатысқан әрбір қаһармандарымыздың есімі ел жадында мәңгіге сақталуы тиіс. Біз өз жауынгерлерімізді мақтан етеміз және ұлағатты тағзым жасаймыз.

0
0
432

Осы тақырып бойынша

Тұлғаға толассыз тағзым - Yvision.kz