Перейти к содержимому
burinsk.nurotan.kz

Бурлинский филиал

@burinsk.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан, Аксай

Официальный филиал партии "AMANAT" Бурлинского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

310

пікірлер

0

тіркелуші

28

жазылымдар

8

Мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс

📌Оқушылар арасында аудандық жарыс өтуде. 2022 жылғы 23 қазан күні Балалар жылына орай мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс ұйымдастырылуда. 🔹Қатысушы командалар: 1. Ақбұлақ ЖОББМ командасы; 2. Бөрлі #1 ЖОББМ командасы; 3. Бөрлі ЖОББМ командасы; 4. Бумакөл ЖОББМ комардасы; 5. Жарсуат ЖОББМ командасы; 6. Ақсай қаласының №1 ЖОББМ командасы; 7. Ақсай қаласының №2 ЖОББМ командасы; 8. Ақсай қаласының №3 ЖОББМ командасы; 9. Ақсай қаласының №4 ЖОББМ командасы; 10. Ақсай қаласының №5 ЖОББМ командасы; 11. Ақсай қаласының №6 МЛ командасы; 12. Ақсай қаласының №7 ЖОББМ командасы; Жарыстың ашылу салтанатына Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ақсай" мәдени-бұқаралық ұлттық ат спорт кешенінің директоры Б.Мухтубаев және аудандық Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Е.Ст…

0
0
273

«Жастарға кеңес» жобасы бойынша көшпелі кеңестер өткізілді

Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақсай қаласы және ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде «Жастарға кеңес» жобасы бойынша көшпелі кеңестер өткізілді. Жоба аясында ауданымыздың тұрғындарына, оның көпшілігінде жастарға тегін кеңестер берілді. Аудан жастары түрлі сала мамандарынан «Жасыл Ел», «Дипломмен ауылға» және жастар тәжірибесі бағдарламалары, қайтарымсыз несие туралы ақпараттық-түсінік жұмыстары жүргізіліп, психоголиялық, теологиялық, заңгерлік кеңестер берілді.

0
0
219

«Үлкендер жолы ұлылық,ұрпағы жүрер ұғынып» атты кездесу оздырылды

21 қазан күні музейдің Рухани залында еңбек ардагерлерін құрмет тұтып, жасаған игі істерін, атқарған зор еңбектерін бағалап, ұжымға насихаттау, тәлім-тәрбие алу, өткерген қиыншылықтары мен қызықты әсерлерімен бөлісу мақсатында «Үлкендер жолы ұлылық,ұрпағы жүрер ұғынып» атты кездесу оздырылды. Аталмыш шараны қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Макеев ашты. Кездесуде аймақ дамуына зор үлес қосқан әр түрлі сала ардагерлердің өнегелі еңбегі насихатталды.Шара барысында ардақты меймандарымыз өмір жолы мен атқарған қызметтері туралы қызықты әңгімелерін айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Құрметті ардагерлер мен ардақты ана жастарға аянбай еңбек етіп, білімді болып, туған жердің қадірін білу және қазіргі уақытта елімізді көркейту, ауылды жаңғырту үшін өз үлестерін қосуға, өмірде кездесеті…

0
0
204

«Жастар - Отанға» керуені Ақсу ауылдық округінде болды

Бүгін «Жастар - Отанға» керуені Ақсу ауылдық округінде болды. Онда Ақсу, Ақбұлақ, Достық ауылдық округінен келген жастар қатысты. Керуен құрамындағы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Толқын Хадышова мен орталыққа қарасты «Психологиялық кабинеттің» психологі Ботагөз Байқадамова мен орталық әдіскері Ардақ Тлепова және аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» маманы Айгүл Будирова жастарға кәсіпкерлік және өзін-өзі дамыту, «Жастар тәжірибесі», «Диломмен ауылға», қайтарымсыз гранттар тақырыбында сөз қозғады. Сонымен қатар жиынға келгендер қазіргі проблемалық тақырып ерте жүктіліктің алдын алу мен репродуктивті денсаулық бағытында түсіндірме ақпарат алды. Жиын соңында аудандағы жастар саясатына өз үлесін қосып, белсенділік танытып жүрген жастар - Ақбұлақ ауылдық окр…

0
0
248

"Самал" қонақ- үй кешенiнiң қызметкерлерімен кездесу өтті

Бүгін Ақсай қаласындағы "Самал" қонақ- үй кешенiнiң қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесудiң тақырыбы, ағымдағы жылдың 20- қарашасында елiмiзде болатын кезектен тыс президент сайлауына қолдау көрсетуге қызметкерлерді шақыру, сайлау туралы ақпарат беру. Аталған мекеменің қызметкерлеріне аудандық мәслихаттың хатшысы - Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы не себепті кезектен тыс президент сайлауы болып жатқанын және елiмiздегi бейбітшілік пен татулықтың қадiрiн бiлуге шақырды. «AMANAT» партиясы Бөрлі аудандық филиалының атқарушы хатшысы О.Тулемисов 6 - қазанда, Астана қаласында партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң коалициясы арқылы Қ.К. Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат ретінде ұсынғаны туралы баяндап берді. Елiмiзде алғаш рет "АМАNАТ" партиясы және басқа партиялар мен он…

0
0
175

Аудандық ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

2022 жылғы 20 қараша күні өткізілетін Президенттің кезектен тыс сайлауын қолдау мақсатында аудандық ардагерлер кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында ардагерлер кеңесінің төрағасы Рақымжан Брманұлы сөз сөйлеп, Қ.К. Токаевтың бастамаларын толық қолдауға шақырды.

0
0
219

Мерекелік шара өтті

Құтқарушы күніне орай азаматтық қорғау қызметкерлері мен ауданда Төтенше Жағдайларды жою және алдын алу бойынша ерекшеленген тұлғалар Бөрлі ауданы әкімінің, аудан мәслихаты төрағасының, БҚО ТЖД, Аудандық Төтенше Жағдайлар бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік шарада аудандық мәдениет үйінің өнер иелері өнерлерін көрсетті.

0
0
201

"Жастар рухы" қанатындағы белсенді жастармен кездесу

Бүгін «АМАNAT» партиясы Бөрлі аудандық филиалының ғимаратында партиялас ардагерлер мен Партиямыздың "Жастар рухы" қанатындағы белсенді жастармен кездесу ұйымдастырылды. Ардагер партияласымыз - Габдулова Шара Қайыржанқызы партиямыздың құрылған уақытынан бастап қазiргi уақытқа дейін болған өзгерістер мен жаңалықтар туралы қысқаша баяндап берді. Жастарды белсенді болуға шақырды. Алдағы болатын Президент сайлауы елiмiздiң болашағы үшін, жастарымыздың болашағы үшін жасалатын басты қадам екенін Жастар да, ардагерiмiздi тыңдай отырып сайлауға не үшін келетіндiктерi туралы ойларымен бөлісті. Кезектен тыс президенттік сайлауға қатысатындықтарын және жұмыстас әрiптестерiн де шақыратындықтарын жеткiздi.

0
0
162

КСК "Еңбек" қызметкерлерiмен кездесу өтті

Бүгін "AMANAT" партиясы Бөрлі аудандық филиалының Атқарушы хатьшысы О.Тулемисов Ақсай қаласы, 4 шағын ауданындағы КСК "Еңбек" қызметкерлерiмен кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы, 2021 жылдан бастап қолданысқа енген "Мүлiк иелерінің бiрлестiгi" туралы заңының орындалуы туралы болды. Пәтер иелері кооперативінің төрайымы- Нурия Мамигуллиевнаның пайымдауынша 4 шағын аудан тұрғындары Мүлiк иелерінің бiрлестiгiн құруға белсенділік танытып отырған жоқ. Түрлі қиыншылықтар барын баяндады. Коммуналдық мекемелер басшыларымен тығыз байланыста, жақсы қарым-қатынаста болғандықтан техникалық ақаулар мен аварияларды уақытында жойып отыратындықтарын айтты. Кооператив толыққанды жасап тұрғандығын, тұрғындардан шағымдар түспегенін алға тартты. Бiрақ, заңға көнетіндерiн, келесі жылдан бастап аталған бiрлес…

0
0
205