Екі жасар Эллина Кульдинаның денесі жансыз күйінде табылды

"Нұра өзенінің бойынан 10 мамырдан бастап жүзден аса адам іздеуге кіріскен екі жасар Эллина Кульдинаның денесі табылды", деп хабарлайды Today.kz.
10 мамырда Эллина Кульдинаның жоғалғаны жайында ақпарат түсті. Бұл жайтты естіген адамдар бірден ғаламтор желілерін дүр сілкіндірді. Көмекке құтқарушылар, сүңгуіршілер, полиция және жүзден аса волонтерлар келді. Бір жарым аптаға созылған бұл іздеу жұмыстары мамырдың 21-ші жұлдызында тоқтады. Қыздың денесін жергілікті балықшы өзен бойынан тапқан.

Эллинаға арнап кішігірім болса да қоштасу рәсімін жасауға отыз шақты азамат ат салысты. Өзен бойына шырақ жағып, гүлдерді суға жібергендер сәбимен қимастықпен қоштасты.
Қолға түскен қосымша ақпараттарға қарағанда, сәбидің жерлеу рәсімі 23-ші мамырда Астана қаласында өтті. Эллинаның жақындары қызды іздеуге қол ұшын созған барлық жандарға алғыстарын білдіруде.
Бар болғаны екі жыл өмір бейнесін көрген баланың жаны қыршын кетті-ау! Кішкентай қыздың өмірмен ерте қоштасқанына енді кімді кінәләйміз? Оған көз қырын салмаған ата-ананы ма, әлде осы жалған фәниді ме?
Тағдырдың жазғаны сол болар,
"Өмірдің" ағымы тән алар
Жаның шыдамай тасқынға,
Таңдапсын ғой жәннатты...
