Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мүгедек болса да өнерімен Білім және Ғылым министрін тәнті қылған балалардың концерті өтті

1−маусым Халықаралық балаларды қорғау күні «ВІ−Жұлдызай 2016» қайырымдылық фестивалі мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер көрсетуімен гала−концерт өткізді. ХІ Республикалық балалар шығармашылық фестиваліне «Кешью», Жанар Дугалова, Маржан Арапбаева, Диана Шарапова мен Ардақ Алекешев сынды өнер жұлдыздары шақырылды. Білім және Ғылым Министрі Ерлан Сағадиев те фестивальге өз үлесін қосқанын айтты: «Осындай балалардың дарындарын ашатын, білімдерін арттыратын шараларды көптеп өткізуге тырысамыз. Болашақта ел мақтанатын үлкен азамат болсын дейміз».

Балалар өз өнерлерін эстрада жұлдыздарымен бірге көрсетті. Есту қабілеті бұзылған Дана Нұрболатпен ән салған Жанар Дугалова: «Бұрын да Дананың менің әнімді ыммен айтқанын көрген болатынмын. Жүрегімді елжіретіп жіберді. Балалардың барлығы да өте дарынды», деп көз жасына ерік берді.

Ал Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарына кіретін, «ВІ Group» құрылыс компаниясының директоры Айдын Рахимбаев: «11 жыл бұрын бұл фестивальге бүкіл Қазақстаннан 57 бала ғана қатысты. Ал биыл қатысушылар саны 7000−ға жетті» деп астын сызып айтты.

Еске сала кетейік 23 мамыр, Республикалық «ВІ-Жұлдызай 2016» фестиваліның екінші іріктеу туры өтті. Мүмкіндігі шектеулі балалар «Балдәурен» демалыс орнында 7 күн болып уақыттарын байқауға дайындықпен өткізді.

1
0
756

Осы тақырып бойынша

Мүгедек болса да өнерімен Білім және Ғылым министрін тәнті қылған балалардың концерті өтті - Yvision.kz