Атақты «Келін» телехикаясында Ананди рөлін сомдаған актрисаның өліміне қатысты іс жалғасын табуда
Телехикаялар жұлдызына айналған Пратюша Банерджидің отбасы мен достары қыздың өлімініе кінәлі адамды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.
Қазір, Пратюшаның анасы Тергеу Орталық Бюросы арқылы қызының қайтыс болу себептерін іздеп зерттеу жүргізуде. Сома Банерджи жұма күні change.org платформасында онлайн− петицияны іске қосты.

"Жиырма бес жастағы Пратюша Банерджи Сәуірдің 1−ші жұлдызында Мумбай қаласында өз өзіне қол жұмсаған. Тез арада ауруханаға жеткізілгенімен қызды ажал алдынан құтқару мүмкін болмады", деп хабарлайды Today.kz.
Сома онлайн−петициялар жеткілікті жиналған соң оны премьер−министр Нарендра Моди мен Ішкі істер министрі Раджнатх Сингхка өткізуді жоспарлап отыр. Осыған орай Пратюшаның әкесі: «Иә, біз онлайн−петицияны қызымыздың өлімінен кейін әділдік орнату мақсатында іске қостық. Біз кез келген жолмен шындыққа қол жеткіземіз», −деді.
Бұған дейін қыздың әке−шешесі Пратюшаның жігіті Рахул Радж Сингхты кінәлі деп санайтындарын айтқан болатын. Онлайн−петициядан бөлек Сома Банерджидің қолында Ішкі істер министріне арналған хаты бар. Онда Рахулдың Пратюшаға қорлық көрсеткенінен бөлек қызының шотынан 32 рупий алғанын айтады. «Біз Рахулға қарсы мәлімдеме жаздық, алайда полиция бұл жайтты «өз өзіне қол жұмсау» деп таныпты. Сонда да менің жүрегім қызымды біреу өлтіргенін сезеді» дейді анасы.
