Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тегін концерт көремін деп аяқ астында қалған көрермендер

"Астана Арена" алаңында өткен концертте қатты қыспақтың салдарынан 15-тен аса адам жарақаттанды. Отандық және шет ел өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен тегін концертке адамдар басталуына бірнеше сағат бұрын келіп, бір-біріне үлкен кедергі келтіру салдарынан қыспақ басталған", деп хабарлайды Today.kz.

Бірнеше зардап шеккен адамдар "жедел жәрдем" көлігіне естерінен танған күйі жеткізілді. Оларға бірден бірінші көмек көрсетілді. Құқық қорғау орган қызметкерлерінің "сабырлық сақтаңыздар!" деген өтініштеріне халық құлақ аспады.

Зардап шеккен адамдардың бірі: "Басында бәрі жақсы болған. Уақыт өте келе қатты қысылысып бара жатқанымызды сезіндім. Адамдар бір-бірін итеріп, айқайлай бастады. Мен басымды қатты ұрып алдым, аяғымды да жарақаттап алдым. Қазір өзімді жаман сезініп тұрмын".

Дәрігерлердің айтуынша болған оқиғаға көрермендердің өздері кінәлі.

"Бұндай жәйттың алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шараларын істеу керек. Бізде бәрі керісінше. Адамдар оқиға соңын ойламайды. Атақты адамды көремін деп түк көрмегендей сахнаға қарай ұмтылады. Нәтижесі міне!".

Оқиға ортасында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың болмағанын айтты.

"Барлығы 1500 адам іске қосылды. Олардың 1000-ға жуығы-полиция қызметкерлері, 500 -ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның ішкі әскері, 100-ге жуық - құқық қорғау қоғамдық ұйымдарының өкілдері. Концерт барысында ешқандай құқық бұзушылық болған жоқ".

Бірінші көмек көрсету қызметкері: "Алаңда 2 "жедел жәрдем" бригадасы болды. 15 зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсеттік. Екі адам ауруханаға жатқызылды. Біреуі- бірінші қала ауруханасына, екіншісі-теміржол ауруханасына жатты. Сол жерден олар амбулаториялық емделуге жіберілді".

1
1
656

Осы тақырып бойынша

Тегін концерт көремін деп аяқ астында қалған көрермендер - Yvision.kz