«Жігіттер» тобы, «Градусы» бойз-бенді және Катя Лель балалар үйін қуанышқа толтырды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласындағы "балалар үйіне" Отандық "Жігіттер" тобы мен Ресейлік "Градусы" бойз-бенді және Катя Лель барып қайтты.
"Градусы" тобының солисттері: "Әр баланың өзінің сүйікті ата-анасын тапқанын қалаймыз. Өз отбасыңның болғаны үлкен бақыт қой. Балаларға, тәрбиешілерге денсаулық, ашық аспан мен бақыт тілейміз"
Бұл күні балалардың көздері қуаныштан жайнап жүрді. Әрине, теледидардан күнде көріп жүрген жұлдыздарын шын өмірде кездестіру олар үшін үлкен бақыт қой. Көптеген балалардың армандары орындалып, өздері пір тұтатын адамдармен бірге өлең айтқанға не жетсін?



"Біз осындай шараларға қатысқанды жақсы көреміз. Барынша ат салысуға тырсамыз. Балалардың қуанышты, алғысқа толы көздерін көру-үлкен бақыт қой!", деп жылы лебіздерін білдірді.
Кішкентай балалардың қуаныштарына ортақтасқан Ресейлік Катя Лель өзі жеке келіп сыйлықтарын табыстады. Өзінің бала кезіндегі армандары, жеткен жетістіктері, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Балаларды өз өнерімен қызықтыра түскен әнші: "Болашақта тыңдармандарымды қызықты, жан тебірентер туындыларыммен қуантамын. Менің еңбегімді бағалайтын, әндерімді тыңдайтын, бейнебаяндарымды теледидардан көретін жандардың бар болғанына қуанамын. Сенімдеріңізге, махаббатарыңызға рақмет! Балалар болашақта өз отбасыларын табады деп шын жүректен тілеймін".

