16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты мерекелік шара өткізілді
Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты мерекелік шара өткізілді. Шара барысында аудан әкімі Рахымжанов Нұрлан Сағынтайұлы барша жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бір қатар сала мамандарын алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар жас өнерпаздар өнер көрсетіп, би билеп, күй шертіп, әуезді әншілер ән шырқап, мерекелік кеш одан әрі жалғасын тапты.
