Қадірлі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!
Қазақстанда 2019 жылдан бастап Үкіметтің қаулысымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілгені белгілі.
Халықтың әл-ауқаты мен қоғам тынысынан хабар тарататын тілшілер қауымын төл мерекелеріңіз – баспасөз, телевизия және радио күнімен құттықтаймын!
Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Сондықтан өздеріңіздің газеттеріңізбен қалың оқырманның алдында адал болудың жөні бөлек.
Ауданның билік органдары мен БАҚ арасында жақсы, сонымен қатар сындарлы қарым-қатынастың сипат алғанын атап өткім келеді. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы аудан тұрғындарына жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді.
Кім-кімге де оңай соғып отырмаған қазіргі кезде бөкейліктерге еліміз бен аумақтың экономикалық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан өзгерістердің жай-жапсарын түсіндіріп, жерлестеріміздің көкейкесті ойларын ашық білдіріп келесіздер. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының жетістіктері мен стратегиялық мүдделерін, қоғамдық саяси өмірде атқарып жатырған жұмыстарын дер кезінде халыққа жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.
Аудандық газеттің тілшілері алдағы уақытта да осы прогресшіл қалпынан айнымай, қоғамды толғандырып жүрген өткір проблемалардың ортасында жүреді деп сенемін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге шығармашылық өрлеу, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Қаламдарыңыздан қасиет кетпесін. Шабытыңыздың шыңына ұшқан құс жетпесін, қадірлі қаламгерлер!
Құрметпен, "AMANAT" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы И.Құрмашев
