Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аграрлық секторды дамыту мəселелері бойынша қоғамдық кеңесі отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы аграрлық секторды дамыту мəселелері бойынша қоғамдық кеңесі отырысы өтті.

Отырысты кеңес мүшесі Б.Джумагулова жүргізді. Отырысқа кеңес мүшелері Zoom қосымшасы арқылыда қатысты. Аграрлық секторды дамыту мəселелері бойынша қоғамдық кеңесі отырысына төмендегідей мəселе ұсынылды: Республикалық фитосанитариялық диагностика жəне болжамдар əдістемелік орталығы аудандық филиалының 2021 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары.

Күн тәртібіне сай Республикалық фитосанитариялық диагностика жəне болжамдар əдістемелік орталығы аудандық филиалының басшысы Жасқайрат Иранұлы Дауленов баяндама жасады. Қоғамдық кеңесі отырысының қаулысы бекітіліп, хаттамалық тапсырмалар берілді.

0
0
207

Осы тақырып бойынша

Аграрлық секторды дамыту мəселелері бойынша қоғамдық кеңесі отырысы өтті. - Yvision.kz