Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қандастарына қол көтерме

 

 

Көтен бе, Құтан ба?

Аса ірі қазақ – қыпшақ тобын Еуропаға бастап апарған, орыс жылнамаларынан, Еуропа хроникаларынан белгілі хан Көтеннің Тәңір сыйлаған есімін осы күнгі зерттеушілер ерсі көріп, біресе Қотан, біресе «құт» деген түбірден шығарып, Құтан деп атап жүр.

Үлкен ғалым, бірегей қыпшақтанушы, академик Болат Көмековтың айтуынша қыпшақтардың Дунай жағалауына жеткізген бабамыздың аты - Көтен. Көтен деген сөздің лексикалық мағынасы ол заманда осы күнгі ерсі бірбеткей мағынасынан  кеңірек, байырақ, күрделілеу  болған - «ұлы, үлкен» деген мағынаны білдірген. «Ұлы сөзде ұят  жоқ» дегеннің дөп түскен жері.

Қазақ тілің қарабайыр түсініп жүргендер  терең, көп  мағыналы қазақтың қара сөздерінің заман ағысында мың құбылып құлпыра түсіп, өзгеретінің білмейтіндей.

Бірдең еске түсетін «Қара», «Сары» деген сөздер де қай заманда болсын тек түсті, реңді білдірмеген.  Қара Қыпшақ Қобландың - Ұлы Қыпшақ Қобланды. Ауыз әдебиетіндегі  Қара жылан - үлкен жылан, аждаға.  Сары Арқа – қиыры жоқ Ұлы Дала.  Бертін заманда қалмақтармен соғысқан Малай Сары батырдың да есімі оның ерен ерлігіне сай берілген, ал Малай Сарының замандасы Есет Көтібар батырдың, Тобықтынын рубасы Көтібақ  бабаларымыздың да есімдері олардың ұлылығы мен даралығын білдірген.

Қандастарына қол көтерме...

Көтен хан Еділдің бойын мекендеген дұрдей бөрілі байрақты батыс қыпшақтарының бір бөлігін (ғалым Сейсенбай Құдасовтың айтуы бойынша, олар Еділге құятын қазіргі Төменгі Донец деп аталатын өзеннің бойында өмір сүргендер), орыс жылнамаларында жазылғандай, қырық мың «түтінімен» 1236 жылы ары Батысқа, Еуропаның қақ ортасына бастап апарған.

Көшкен себебі, Бату ханның, оның Күнбатыс әлеміне жорығын бастаған жалғыз көзді Арыстан Сүбітай Баһадүрдің  кәрінен қорықты. 1223 жылғы Қалқа шайқасының алдында Көтеннің күйеу баласы Ұлы Галиц кінәзі Жау жүрек Мстислав (Храбрый, Удатный) манғұл елшілерін өлтіргенде, қайын атасы жанында болған екен.

Куйеу баласының қайын атасына деген шынайы сезімін жылнамаларда қалған мына сөздерінең-ақ байқауға болады: "Отче, ... приими мя в любовь собе"... Жүз жылдық баласы үшін қияметке барған Көтен Хан (орысша Котян, мадьярша  Kötöny)

Гумилевтің айтуы бойынша, маңғұлдар бұндайды кешірмейді: «Монголы «злыми» называли города, в которых убивали их парламентеров. Убийство парламентера, с точки зрения монголов, было тягчайшим преступлением. Конечно, можно возразить, что горожане не виновны в преступлениях князя, но у монголов было чрезвычайно развито понятие коллективной ответственности... (Л. Н. Гумилев. «Меня называют евразийцем»).

Хорезмшах дәргейіндегі Отырардың, орыстар аузынан тастамайтын Козельскінің тағдырын, тағысын тағы, еске алсақ, бүл рас болар; және бұндай өрескел қылмысқа кешірім болмаған.

Сатқындыққа кешірім жоқ. Сондықтан, маңғұлдар Отырарды өртеді, Мұхаммед Шахты Арал теңізінің алапестер тұратын аралына қуып тықты. Орман орысымен бірігіп, қандастарына қарсы соғысқан қыпшақтардың күнәсі ауыр еді.

Маңғұл.

«Маңғұл» деп (дәл осылай жазулы мен айтылуды Абай мен Шәкерім қолданған) ІХ-Х ғасырларда ислам экспансиясынан ығып, Шығысқа қарай жылжи берген тәңіршіл митраист түркілер аталған. Бара-бара олар Оңүн мен Керүленнің (Оңөзен мен Керіөзен?) жағалауларына жеткен. Батыста қалғандары «сартқұл» атанған. («Сарт-садағам» деген осыдан қалған шығар).

Арыстан  Лев Гумилевтің айтуынша, «Хан Сұлу арабтардың біздің дінімізге кіріңдер дегеніне: «Біз бәріміз жауынгерміз, ал сендер кімсіңдер? Өңкей саудагер, етікшілер, отырып жұмыс істей бересіңдер. Біз ондайды білмейміз. Демек сендердің дінің бізге жарамайды» деген екен.

Кейіннен Шыңғыс бабамыздың әскерін құраған соғысудан басқаны білмейтін осы өр кеуделі маңғұлдар болса керек.

Ал Шыңғысханның өзі түрік болды ма, басқа болды ма деген сауалдың өзі қызық. Түрік болғаны - даусыз. Оған пәлендей дәлел де іздеп  керегі жоқ. Көзіңді ашып, бағдарлап қарасаң болды, бәрі көрініп тұр. Жарқыраған атынан бастап, маңайындағы тайпа-рулардың, жер-сулардың атаулары - айналадағы дүниенің этнотопонимикасы - бәрі түркіше, бәрі қазақша. Байырғы, бұрынғы қазақтар Шыңғысханның қандас екеніне ешқашан күмәнданбаған, басқаша ойламаған. Ол «моңғол болды» деген кейіннен санамызға  кіргізілді. Тарихты бұрмалау, фальсификациялау - еуропалықтар, орыстар мен қытайларға үйреншікті іс. Ал «бұл оларға не үшін керек болды?» деген сауалдың жауабы белгілі. Солардың айтқандарын мойындап, тексіздіктен тезек теріп жүрген жайымыз бар.

Сайыпқыран Шыңғысхан бабамыз шашылып жатқан, береке бірліктері қашқан түріктердің басын біріктіріп, Ұлы Түрік Елің жаңғыртып, көк бөрілер заманың тірілткісі келді. Осындай Ұлы (Қара – Сары) мақсаты болды...

Балтон көлдің басында...

Маңғұлдармен шамасы келгенше жолай соғыса отырып, 1237 жылы Көтен хан қол астындағы жұртымен Мадиар корольдігінің жеріне жетті.

Мадиарлардың жеріндегі ең үлкен көл – Балатон. Апам айтқан ертегідегі «Балтон көлдің қасына, балдыр бұлақ басына...» қыпшақтар да жетті. Бұл Алтай мен  Қарпат тауларының ортасында жатқан, арасынан өтпейтін көпірі, аспайтын тауы жоқ табиғи жағрафиялық аймақ - Ұлы Даланың соңғы шебі еді. Ары қарай басқа дүние, басқа әлем, ошаққа байланған түсініксіз  өмір...

Ұла даланың қиыр батыстағы шегі - Нодькуншаг жазығы.

Мадиар корольдігі - бұл заманда дүркіреп тұрған, бүкіл Еуропа санасатын үлкен мемлекет. Осы мемлекетті билейтін, 1000 жылы Үрүм Папасы  II Силвестр Апостол (Әулие) атағын сыйлаған түрік Арпад әулетінен шыққан, IV Бела патша қыпшақ бауырларын құшақ жая қарсы алады.

Аталған тарихи оқиғаға байланысты Венгрияның Қарсақ (Карцаг) қаласына кіре берісте ескерткіш орнатылған. Онда бейнеленген егде тартқан, басына тәж киген, қолына крест ұстаған венгр королі үрімдік   гладиаторға ұқсайтын жас Көтен ханға қарап құшақ жайып тұр. Бүл, әрине, мүсіншінің қиялы. Бірақ кездесу шынында да жүрекжарды болса керек. Сол замандағы мажар тарихшыларының куәлігі бойынша, Бела қыпшақтарды өте жылы қарсы алды.

Мадиарлар – Кұншығыстан келген көшпенді халық

Көтеннің келуінен бірер жыл бұрын Бела патша белгілі діндәр фраттер (әкей) Юлиан бастатқан монахтарды Еділ бойындағы туыстарға іздеу салып Шығысқа жөнелтіп еді. Экспедиция қайғылы аяқталды, монахтардың бәрі жолда қайтыс болды, жалғыз тірі қалған Юлианның жазбаларында саяхатшылар Еділ мен Қаманың бойындағы қалған мадиарларды тапқаны туралы айтылады.

Байырғы мадиарлар.

Король мен Хан Ұлы Мажар жазығында, осы күнгі Сегед қаласына жақын жерде кездесті. Қырық мың қыпшақтардың атты әскері жол -жөнекей елдің егіншілігіне, жүзім өскен алқаптарына шығын келтіргеніне қарамастан, Бела қабақ шытқан жоқ. Қазір Нодькуншаг пен Кишкуншаг деп аталатын дала аймақтарын қандастарына бөліп берді. Шығыстан келе жатқан жойқын дауыл жөнінде, сөз жоқ, хабардар тәжірибелі саясаткер, кейіннен Мажар мемлекетін қайтадан жаңғыртқан, осы мемлекеттің негізін қалаған Әулие I Іштуан атағына сай мажар тарихында орын алған, сәуегей Бела өз әрекеттерінің салдарын болжады ма екен?

Көтеннің өлімі.

Қыпшақтардың соңынан іле-шала Бату ханның елшілері де жетті. «Сатқындарды қайтар, сонда елің де, жерің де аман қалады» деп сәлем айтқан екен Сайын Баһадүр хан. Бела сауға іздеп келген жандардың жанын саудаға салмай, келіссөзден бас тартты. Келген елшілер де қыпшақ болып шықты. Осыны сылтауға алған,  Үрүм Папасы қолтығының астына су бүркіген біраз мадиар дворяндары Көтен хан қыпшақтарына қарсы шықты. Солардың бірі, тегі австриялық Фридеш Кимения опасыздықпен Көтен ханды өлтірді. Қыпшақтар өре көтеріле көшіп, Балқандағы Бұлғар патшалығына өтіп кетті. Бұлғар патшасы II Әсен мен оның інісі Бөріл елінің солтүстік шығысынан және Дунай өзенінің төменгі ағысындағы қазіргі Добруджа аймағынан бауырларына еншілікке жер кесіп берді.

Құмырсқа мен шегіртке

1967 жылғы Қоңыр Мандокидің алғашқы ғылыми экспедициясы осы өңірге болып, қаламалды ғылыми еңбегі де осы добрудж «татарларының» ауыз әдебиет үлгілеріне арналып еді.

Еуропаның бірегей қыпшағы - Іштуан Қоңыр.

Сол үлгінің бірі міне – «Құмырсқа мен шегіртке» (борзо-баснеписец Иван Андреевич (Крылов) шал әйгілі мысалының желісін қазақ-түрік фольклорынан алған болды ғой): «Girmisga  man  Segertki»: «Bir zamanda bar  eken, bir  zamanda yog  eken,  eski  eski  zamanlardan  birinde  bir girmisga  man bir  segertki  bar  eken.  Ekew  de bir  gun  denizge tuskende  kuslu  bir boran  koterilip  girmisgani  suwga  komgen…». Осы айтылып-жазылғанды түсінбейтін казіргі қазақ бар ма екен, сірә... Ал бұл Еуропада, Румынияда тұратын, өздерің "татар-қыпшақ" деп атайтын қауымның аузынан жазылып алған дүние.

Румын қыпшақтарының арасына барғаннан алған әсерімді тағы бір жолы жазармын...

-3
0
2780

Осы тақырып бойынша