"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы
"NurOtan" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында аудандық мәслихат хатшысы Л.Қайырғалиева Сайқын ауылының тұрғындары Бисенғалиев Қитеш аға мен жолдасы Әсия апа отбасына барды. 62 жыл бірге тұрып, жеті бала тәрбиелеп,немере,жиен, шөбере,шөпшек көріп отырған аға,апамыз. Жастайынан еңбекке ерте араласып, шопан болып, жолдасына көмектескен апамыз, енесін де бағып,жолдасын төрт жыл бойы әскерден күтіп, енесімен тұрған. Ағамыз электр жарығымен қамтамасыз ететін мекемеде ұзақ жылдары жасап,зейнеткерлікке шықты. Әсия апа сиыр сауыншы болып жұмыс істеді, аспазшы болып балабақшада жасады. Ауыл советіне бірнеше дүркін депутат болып сайланды ,сотта халық өкілі болып қоғамдық қызмет атқарған. Әдемі дауыс иесі концерттер де сахнада ән шырқаған. Тәуелсіздік арқасында өмірімізге өкпе жоқ,ең бастысы жастарымыз аман болсын , деген тілектерін жеткізді. Қариялар алтын қазынамыз,аман болыңыз!
