Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атамның басы-ай!


1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Кейкі Көкембайұлының кетпенмен басы шауып алынғанынынан, жауыздар Кейкінің өзімен бірге оның әйелінің және айы-күні жетіп отырған әйелінің қарнын жарып, ішіндегі баласын да аса қатігездікпен өлтірілгенінінен, батырымыздың бас сүйегін Ресейге алып кеткенінен де және бәлен жылдан кейін қайтарылғанынан да хабардарсыздар.
Ресейге елші болып кеткенге дейін Тасмағамбетов Иманғали ағамыздың арқасында Кейкі Көкембайұлына арналған іс-шаралардың Үкімет деңгейінде бекітіліп, оған мұрындық болғанын да білеміз.
Бұл ретте, Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов өткен жолы өңірдің өңтүстік аудандарына барған сапары барысында былай деген болатын: 
«Қаһарманымызға оның кесенесі салынатынын жер телімі рәсімделген. Жерлеу жұмыстарын жүргізу арнайы жол картасында жасалған. Мамыр айында кесене тұрғызудың жобасы жасалып бітіп, оны орнату басталады. Оған дейін Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінің археологтары Кейкі батыр алғаш жерленген Жалаулы сайының маңында тиісті іздестіру, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Егер батырдың сүйегі табылатын болса, ол арнайы зерттеу орындарына жіберіліп, тексеріліп, анықталып барып, онда сүйек батырдың басымен бірге жерленетін болады, табылмаса басы жерленеді. Сонымен қатар, алдағы уақытта Ұлытаудағы «Кейкі үңгіріне» белгі қойылатын болады.
Осы тарихи оқиғаға байланысты Амантоғай және Жалдама ауылдарындағы үйіліп қалған түрлі қалдық заттар мен қоқыстарды тазартуға ашық-тесік тұрған қолайсыз ғимараттарды бұзып, тиісті полигонға апарып төгуге 30 миллион теңге қаржы қаралған.». 

Ал енді Арқалық қаласына ат басын бұрған өңір жеткшісі: «Ұлт азаттық көтерілісі көсемдерінің бірі Кейкі батырдың бас сүйегін туған топырағына тапсырмақшымыз. Осыған орай республика деңгейінде көптеген іс-шаралар қолға алынуда. Алыс-жақыннан, шетелдерден қонақтар келеді. Ғылыми конференция, театрландырылған қойылымдар, өзге де мәдени-спорттық шаралар Арқалық қаласында өтеді. Қала еңсесін көтеру үшін облыс бюджетінен 2 млрд. теңге бөліп отырмыз. Қаржы бөлуді алдағы уақытта да қарастыра беретін боламыз.» деген еді.
Яғни, атамыздың арқасында біраз шаруалар атқарылайын деп отыр, бірақ мынадай бір ғана кішкене «әттегенайымыз» да бар.

Республиканың әр аумағынан келген қонақтар әуелі Арқалық қаласына тоқтайтыны мәлім. Бұл ретте, әрине кезінде Өзбекәлі Жәнібеков негізін қалап кеткен «Дала өлкесі» тарихы» облыстық музейіне кіріп, ондағы бірегей экспонаттарымен танысатыны белгілі. 
Алайда, музей алдындағы Кейкі Көкембайұлының ескерткішінің тура жанындағы Владимир Ленин бюстін көріп, тәуелсіздігіміздің ширек ғасыры өтсе де көменестер басшысының қасқайып тұруы елдігімізге сын емес пе? Айналып келгенде Кейкінің басын шапқызғандар кім еді?
Осы жайт менің миыма кірмей қойды, әр кәллада бір қиял демекші бұған облыстық Мәдениет басқармасы мен Арқалық қаласының әкімдігі не айтар екен?!
Бірінші суреттен басқа фотолар автордың архивінен алынды.


-1
0
1944

Осы тақырып бойынша