Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудан әкімдігінде ағымдағы мәселелерді пысықтаған жиын өтті.

Басқосудың күн тәртібінде:

- Вакцинация қарқыны, коронавирустың қайта өршуінің алдын алу шаралары;

- Күзгі мерзімді әскерге шақырылымның ұйымдастырылуы;

- ұлттық санақтың аудандағы өту барысы және басқа да ағымдағы мәселелер талқыланды.

Алдымен "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Исатай Құрмашев партиялық бағдарламаның орындалу барысы мен жарнаның жиналу қарқынына қатысты мәлімдеме жасады.

- Коронавирус жұқпасына қарсы екпе алғандар саны 8605 адамды құрайды. Жыл басынан бері 375 науқас індетке шалдыққан. Өткен жылы 8 науқас, биыл 6 науқас осы індеттің құрбаны болған. Қазіргі таңда бір ауылдасымыз инфекциялық стационарда, төрт науқас амбулаториялық ем қабылдауда.

- Вакцинасымен толықтай қамтамасыз етілуде. Дегенмен екпе алу қарқыны бәсеңсіп кетті. Ресейде індет қайта бас көтерді, өлім-жітім күн санап артуда. Қапы қалмай, екпе алып, сақтық шараларын күшейтуіміз керек. Өкінішке қарай соңғы кезде босаңсып кеттік, санитарлық талаптарды ескермейтін болдық. Мұндай салғырттықтың сан соқтыратынын естен шығармайық, - деді ауданның бас дәрігері Анарбек Белисанов.

Аудан басшысы санитарлық сақтық шараларын күшейтуді тапсырды. Қолға алынатын іс-шаралар белгіленді.

Аудан бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің есебінде 521 әскери шақырылушы тұр. Күзгі шақырылымға 215 азамат шақырылып отыр. 2021 жылдың күзгі әскери бөлімдерге жөнелту бойынша берілген жоспар 24 шақырылушы деп белгіленген еді.

-Бүгінгі таңда аудандық медициналық сараптамадан 21 шақырылушы өтті. Оның үшеуінің ғана денсаулығы жақсы, әскери міндетін өтеуге толық сай боп тұр. Үйленгендер, студенттердің әскери міндетін өтеу уақыты шегерілсе, денсаулығына кінәраты барлар ішінара босатылады. Ал түрлі сылтаумен әскерге барудан бой тасалап жүргендер заңмен жазаға тартылатын болады. Жастарымыз ойланбай, опық жеп қалмасын деймін. Әскерден қашамын деп өмір бойына сотталған, істі болған деген қарғыбау тағып, өз жолдарын өздері кеспесе екен, - дейді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Асхат Сан.

- Ұлттық санақтың екі кезеңмен өтіп жатқаны белгілі. Санақтың бірінші кезеңінде 14 025 аудан тұрғыны бар десек, соның 10858-і онлаин санақтан өткен. Екінші кезеңде аудан халқының 97,4%-ы санақтан өткен. Әлі де 358 тұрғын санақ есебіне алынған жоқ. Ұлттық санақтың аяқталуына санаулы күн қалды, санақтың маңызын түсініп, санаққа белсенді қатысуға шақырамын, - деді аудандық статистика басқармасының басшысы Тілеген Кадимов.

#орда_ақпараты

0
0
202

Осы тақырып бойынша

Аудан әкімдігінде ағымдағы мәселелерді пысықтаған жиын өтті. - Yvision.kz