Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жумагулова Бибигул Мұратсай ауылының сайлаушылармен кездесті
«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жумагулова Бибигуль Мұхасқызы Мұратсай ауылының сайлаушылармен кездесуде ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру, жастарды еңбекке баулу жайлы айтып берді.
«Партия бағдарламасындағы басымдықтың бірі – ауыл тұрғындарының табысын арттылып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Коронавирус пандемиясы кезінде бұл бағыттағы жұмыстың салмағы артқандығына тоқталды.
Ауыл жастарының өмір сүру сапасын арттыру, оларға жағдай жасау туралы айтқан үміткер «Nur Otan» және «Jas Otan» жастар қанаты әрдайым тың жобалардың қолдап, іске асыруға септігін тигізетінін жеткізді. Жастарды жұмыспен қамту, шағармашыл және іскер жастарды қолдау басым бағыттың бірі болып қала бермек.
