Ауыл үлкендерін мерекемен құттықтады.
1-наурыз – талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен адамның адамға құрмет көрсететін күні, барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күні болып белгіленген болатын. Бүгін осы «Алғыс айту күніне» орай БҚО Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығының директоры, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Т.Махимов бастаған музей ұжымы ауылымыздың 80-90 жас аралығындағы ардагерлерді құттықтап, сый-сияпат табыстады. Саналы ғұмырында ұрпақ тәрбиелеп, еңбегімен елдің дамуына үлкен үлес қосқан аға-апаларымызға алғысымыз шексіз!
