Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті барша Қазақстандықтар!

Сіздерді еліміздің ең Ұлы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіздіктен артық мәртебелі де қымбат ештеңе жоқ. Еліміздің тәуелсіздігі жолында өр рухты баһадүр бабаларымыз тарихқа өшпес із қалдырды. Біз тәуелсіз ел болдық. Ендеше егемендік шежіресін, қастерлі көк туымызды келер ұрпаққа тұғырлы түрде аманаттауға басты міндеттіміз.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан өзінің жаңаша даму белесіне көтеріліп, болашаққа сенімді қадаммен ұмтылуда. Бұл қадамға біз де үлес қосып келеміз.

Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын, елдігіміздің ғұмыры ұзақ болсын! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамалар сәтті болсын деп тілейміз. Баршаларыңызға бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш тілейміз. Еліміздің мәртебесі биік болып, абыройы арта берсін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

0
0
144

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! - Yvision.kz