Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні!

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні!

Қазақстан атты еліміздің, Тәуелсіздік атты басты құндылығымыздың синониміне айналған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік жолында атқарған істері мен ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы, еліміз халықтары алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты қайран қалдырады.

Қазақстан бүгінде Орталық Азия елдері ішінде экономикасы, әлеуеті дамыған, әлем таныған мемлекет болып дараланды. Ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы - Қазақстан-2030 Стратегиясын жүзеге асыру, ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы, «еуразияшылдық» идеясының тұжырымдамасын енгізу сынды еліміздің стратегиялық даму бағдарламалары халықаралық деңгейде мемлекеттің абыройын асқақтата түсті. Бүгінде ШЫҰ мен БҰҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық ұйымдар арасында түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылған. Бұл тұста Елбасының алғыр да көреген, ойы озық мемлекет басшысы, әлемдік деңгейдегі кемел саясаткер екендігін тағы бір мәрте дәлелдемек.

Қадірменді жерлестер! Баршаңызды мемлекеттің іргетасын қалаған Тұңғыш Президентіміздің күнімен құттықтай отырып, болашағымыз бекем, мемлекетіміз берік болсын дейміз. Егеменді еліміздің айтулы мерекесін атап өту мемлекет тағдырына тіреу болған Ұлт көшбасшысына деген зор құрмет деп білеміз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - қазақ халқының ынтымақтастығын жарастырып, бүкіләлемдік тыныштыққа, дүниежүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісімге, дүниежүзілік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосып, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырып, елдің болашағын айқындап, экономиканың өрлеуіне ерекше серпіліс берді. Ел тізгінін ұстаған Елбасымен еліміздің болашағы баянды болатынына сеніміміз мол. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз!

#Elbasy #nurotan

1
0
114

Осы тақырып бойынша