Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығында онлайн концерт ұйымдастырылды.
Бөкей ордасы аудандық демалыс орталығы қызметкерлері зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап онлайн концерт ұйымдастырды. Шара барысында өнер ұжымы көрермендердің көңілдерін сейілтіп, жүздеріне қуаныш ұялатып, әсем ән айтып, сыңғырлаған домбыра үнінен де шарықтатты.
