Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтті.

Партияның бас­ты мақ­саты – халықпен жұмыс жүр­гізу, проб­лемаларын білу және оларды шешу үшін жағдай жасау, билік пен халық­тың арасында конструктивті қарым-қатынасты қамтамасыз ету. "Nur Otan" партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов бейнеконференция байланысы арқылы партияның барлық өңірлік филиалымен өткізілген кеңесте «Біз Мемлекет басшысы бел­гілеген реформаларды іске асыру мақсатында топтасуымыз қажет. Еліміз үшін осы күрделі кезеңде ауызбіршілік танытып, Президент жақтастарының негізі бола білуіміз керек деп санаймын. Nur Otan партиясы – мемлекеттілігіміздің инсти­ту­ционалдық тірегі. Біз қо­ғам­дағы барлық конструктивті күш­тің топтасуын қамтамасыз етіп, бар ресурстарды жұмылдыра оты­рып, қоғамдағы тұрақтылықты сақ­тауға үлкен үлес қоса аламыз. Елдің дамуы үшін ең ма­ңыз­дысы – саяси тұрақтылық пен қоғам­дағы келісім», деп атап өтті. "Орда" БПҰ, "Т.Жароков"БПҰ, "Солтүстік" бастауыш партия ұйымдарында “Елді жан жақты жаңғырту мен жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ел Президентінің бағдарын”түсіндіру мақсатында жиналыстар өткізілді. Баяндамада БПҰ төрағалары ”Бас­тауыш партиялық ұйым – кез келген саяси партияның негізгі өзегі, оның нақты күші.Әр азаматтың “Nur Otan”-ға деген сенімі дәл осы бастауыш ұйымдардан бастау алады.Сондықтан бастауыш ұйымдар партиялықтардың пікір алысу, нақты проблемаларды шешу орнына айналуға тиіс. Бүгінде Nur Otan-ға үлкен жауап­кершілік жүктеліп отыр.”-деп партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жаңа Қазақстанды құру бойынша алға қойған міндеттерінің маңыздылығына тоқталды.Nur Otan партиясы – жетекші саяси партия ретінде мемлекеттілігіміздің инсти­ту­ционалдық тірегі”-деп атап өтті.

0
0
204

Осы тақырып бойынша

Бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтті. - Yvision.kz