Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Білім, ғылым, ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі» қоғамдық кеңес отырысы өтті.

ZOOM жүйесі арқылы «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының жоспарына сәйкес «Білім, ғылым, ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі» қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Төрағалық етуші: Мұхамжарова Манчук Жүсіпқалиқызы. Отырысқа кеңес мүшелері, мәслихат хатшысы Қайырғалиева Лариса Тельманқызы партиялық бақылау комиссияның төрағасы Елемесов Куаныш Елеуұлы, «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Курмашев Исатай Рахметоллаұлы, М-С.Бабажанов атындағы мектеп директоры Мухатов Фархат Хайроллаұлы, А.Құсаинов атындағы мектеп директоры Нұралиев Асылбек Мәлікұлы –баяндамашылар қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі екі мәселе ұсынылады:

1.Отырыста күн тәртібінде Хан Ордасы музейі мәдениет саласындағы атқарылған жұмыстары тыңдалды.

Баяндамашы Махимов Ғайса Темірболатұлы – Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографикалық музей – қорығы директоры, Бөкей ордасы аудандық маслихатының депутаты

2.Орталық кітапханалар жүйесі мәдениет саласындағы атқарылған жұмыстары тыңдалды.

Баяндамашы Батырханова Айнагуль Ғазезқызы – Орталық кітапханалар жүйесі директоры

Отырыс барысында тиісті ұсынымдар беріліп, қаулы қабылданды.

0
0
236

Осы тақырып бойынша

«Білім, ғылым, ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі» қоғамдық кеңес отырысы өтті. - Yvision.kz