Дүниежүзілік Сауда Ұйымы бізге тиімді ме өзі?
Дүниежүзілік Сауда Ұйымы қандай ұйым? Бұл-халықаралық сауданы жақсарту мақсатында либерализм жүйесінде құрылған экономикалық ұйым. Қазақстан ДСҰ-ға мүше болуға 1996 жылдың 29-шы қаңтарында-ақ ұсыныс жасаған. Бірақ келіссөздер 19 жылға созылып енді міне 2015 жылдың 30-шы қарашасынан бастап біз ресми түрде ұйымның 162-ші мүшесі атандық.
Саясаттанушы Әзімбай Ғали: «Жалпы, ДСҰ-ға енуіміздің жағымды жақтары көп. Мәселен, биылғы жылы инфляция екі пайыздай төмендейді. Ал отандық кәсіпкерлеріміз көр-жер өндіруді қояды. Бәсекеге қабілетті өнім жасауға тырысады. Сөйтіп, Қазақстанның «брендтері» пайда болады. Өзі екі жүзге жуық мемлекеттің 162-шісі болып отырмыз. Біздің соңымызда бірнеше арал мен Өзбекстан ғана бар. Бәсекелесетін де ешкім қалмады. Бұдан ұтылсақ та, ұтсақ та бұл ұйымға енгеніміз дұрыс».
Қазіргі Білім Министрі Кенжеғали Сағадиев министр атанбай тұрып ДСҰ-ға мүше болу туралы өзінің жеке пікірін білдірген болатын:"Теріс салдарлардың шығу ықтималдылығына байланысты секторлардың бірқатар өндірісінде айтарлықтай құлдырау болады, мұндай бюджетке кедендік түсімдердің азаюы ретінде салмақты қаржылық шығындар пайда болады. Бұның салдарынан капиталдандыру үшін қаржылық және банк жүйесі, ұлттық және азық-түлік қауіпсіздігі әлсірейді, жұмыссыздықтың өсуіне әсерін тигізеді және арзан шетелдік азық-түлік ағынына қойылатын жекеленген нарықтардағы бақылау жоғалтылады".
Барлық тиімді және тиімсіз жақтарын сараптай отырып біз мүмкін болатын проблемалардың алдын алуымыз керек. Келіссөздер, құрылтайлар барысында өзіміздің талаптарымызды, елеулі дәлелдерімізді алдыларына қою керекпіз. Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі мүмкіндігінше ешқандай ауыртпалық тигізбеуі керек және ең бастысы, ол тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі оң рөл атқаруы тиіс.

