Дәуір дерті – депрессия деген не?
Депрессияны қазақша түсіндірсек, үмітсіздік, сенім жарығының сөнуі. Қорқыныш. Жалғыздық. Шарасыздық. Арамыздағы адамдардың кейбірі қараңғы, суық тұңғиықта жалғызсырайды. Оның жағдайын тіпті қасында жүріп сезбеуіміз мүмкін. Депрессияға түскен адамдардың кейбірі тіпті жұмысын істеп, елмен араласып, сөйлеседі. Бірақ іштей ештеңеге қуанбайды, сыртқа сыр алдырмайды. Күйзеліске көбіне үлкенді-кішілі қалада, мегаполисте тұратындар шалдығады екен. Көпқабатты үйлер, көлік ағыны көп, шу, жарық, түтін мен газ иісі ауаға көп тараған қала тұрғындарында невроз, депрессия жиі кездесетін көрінеді. Әдетте, «тәжірибелі» қалалықтар тауға, табиғат аясына шығып, саяжайға барып, бұл тығырықтан шығудың амалын іздеуге тырысады. Ал Сіз депрессиядан шығудың қандай амалын білесіз?
📷Жалғасы біздің веб-сайтта сілтеме: https://biz.kz/2022/06/26/d-uir-derti-depressiya-degen-ne/
#новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz
