Экологиялық мәселелер бойынша қоғамдық кеңесі отырысы өтті.
«Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы экологиялық мәселелер бойынша қоғамдық кеңесі отырысы өтті.
Отырыстың төрайымы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының депутаты А. Түсіпқалиева. Отырысқа кеңес мүшелері және филиал төрағасының бірінші орынбасары қатысты. Экологиялық мәселелер бойынша қоғамдық кеңесі отырысында төмендегідей мәселе ұсынылды: 9 айда бойынша экологиялық мәселелер (Тұрмыстық қалдықтарды төгу, жою жұмыстары) атқарған жұмыстар мен алдағы жоспарларды тыңдау.
Күн тәртібіне сай Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Орда» мемлекеттік комммуналдық кәсіпорны директоры Н.М. Болатқалиев баяндама жасады. Қоғамдық кеңесі отырысының қаулысы бекітіліп хаттамалық тапсырмалар берілді.
