Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Елбасы аманаты: Елдіктің жеті тұғыры" тақырыбындағы дөңгелек үстел

Елбасы Nur Otan партиясының Саяси кеңесі кеңейтілген отырысында жастарға үндеу ретінде "Елдіктің жеті тұғыры" қағидатын жариялаған еді.

7 желтоқсан күні «Балдаурен» бөбекжайында "Елбасы аманаты: Елдіктің жеті тұғыры" тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.

Nur Otan партиясының мүшесі Аудандық маслихат депутаты бөбекжай директоры Бейсова Айбарша Сырымқызы жүргізді .

Дөңгелек үстелге Nur Otan партиясының мүшесі Облыстық маслихат депутаты «Есет» шаруа қожалық жетекшісі Габдуллин Исатай Есетұлы қатысып жан- жақты қызу талқыланды .

«Елдіктің жеті тұғыры» атты үшінші қағидатында Жер ата-баба мұрасы , халық қазынасы деп көрсетілген . «Жерден қасиетті еш нәрсе жоқ , Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым» Тарихымыздағы соғыс атаулының бәрі ел мен жерді қорғау үшін болған» «Енді ата- баба аманатына адал болып , ұлан –ғайыр жерімізді қорғау , оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз»,деген екен елбасы Н.Ә.Назарбаев . Сондықтан елді , жерді қорғау және дұрыс пайдалану біздің басты міндетіміз . Жер адам асыраушысы деп өз пікірін ортаға салды .

Төртінші қағидатта .Отбасы мен салт-дәстүр қоғамның алтын дінгегі бойынша бөбекжай медбикесі Л.М.Султаниярова қай кезенде де біз үлкенге –ізет , кішіге –құрмет көрсетуді дәріптейтін ата дәстүрімізді берік ұстануымыз қажет деп оз ойын ортаға салды .

Бесінші қағидатта. Ұлттық мәдениет –халықтың рухани тірегі бойынша бөбекжай от жағушы операторы Қ.А.Қожанов қазіргі таңда жаһандық мбәсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез , асқақ рух керек, мұндай қасиеттер тарихты білу , мәдени құндылықтарды тану арқылы келеді сол үшін мәдениетімізді зерделеп , өзге жұртқа насихаттай білген абзал деп көрсетті .

Жиынға ұжым мүшелері тегістей қатысты . Қатысушы спикерлер тәуелсіздік пен мемлекеттілік, білім культі, өнер мен мәдениет, прагматизм, руханилық жайында мазмұнды ойларын айтып, тәуелсіздікті сақтау, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасымыздың мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайтудағы рөлі жайында пікірлерін айтты.

Жалпы , осы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын жұмыс барысында іске асырамыз .

0
0
203

Осы тақырып бойынша

"Елбасы аманаты: Елдіктің жеті тұғыры" тақырыбындағы дөңгелек үстел - Yvision.kz