«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын талқылау
«Nur Otan» партиясы "Жиекқұм" БПҰ төрағасы Е.Баймұратов Т.Масин атындағы ЖОББ мектебі ұжымымен кездесті. Кездесуде күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының кеңейтілген кеңесінде, Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары мен партия Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қортындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.
