Үгіт- насихат жұмыстары жалғасуда
Сайқын ауылы сайлаушыларының үйлерін аралаған «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Лариса Тельманқызы Қайырғалиева кездесулерде партияның сайлауалды бағдарламасы ел экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналғанын басып айтты.
«Nur Otan» партиясы сайлаушылардың үміттерін ақтау үшін, барлық топтағы халықтың мүддесін қорғау үшін және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын жеткізді.
