Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні!
3 желтоқсан - Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні!
Бүгін Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні. Бұл күн Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтіледі. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер он жылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін - Мүмкіндігі шектеулі жандар күні деп жариялады. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Бұл күн бізге біздің қоғамымызға ерекше қажеттіліктері бар жандардың проблемаларына назар аудару үшін және ерекше рух күшін, мақсатқа ұмтылушылықты, күрделі жағдайларда табысқа жете білуді таң қалдыру үшін өте қажет. Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектердің халықаралық күні -тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды.
