Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Хан ордасы ауылында “Есіктен есікке” акциясы жалғасуда

Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғайса Махимов пен Аякөз Түсіпқалиева Хан ордасы ауылында “Есіктен есікке” акциясы аясында кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл сайлаушыларына “Nur Otan” партиясының аудандық сайлауалды бағдарламасының жеті басымдылығын нақты түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын, жарқын істердің бастаушысы “Nur Otan” партиясы екенін тілге тиек етіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, парақшалар таратып, 10 қаңтар күні сайлауда “Nur Otan” партиясын қолдап, дауыс беруге шакырды.

0
0
116

Осы тақырып бойынша

Хан ордасы ауылында “Есіктен есікке” акциясы жалғасуда - Yvision.kz