І Халықаралық медиа және туризм форумы аясындағы үшінші күніміз

Алғашқы күні жеттік, қызықтадық, екінші күні табиғат аясына шықтық, ал, үшінші күніміз таңнан кешке дейін сессияларға бөлінген Форумның жұмысына арналды.
Таңғы асымызды (және түскі асымызды) Алматы облысының әкімдігінде іштік, қызметкерлері аң-таң, біріншіден, бір дегенде әкімшілік ғимаратында 200 журналист жүр, және оның айқын басым бөлігі қазақ тілді журналистер. Ал, мені таң қалдырғаны әкімдік ғимараты болды. Осыған дейін әкімдік ғимаратының казино ғимараты болғанын оқығаным бар, дегенмен, көзбен көрген басқаша әсер қалдырады екен.
Сонымен, І Халықаралық туризм және медиа форумы аясында Қазақстандағы туризм, медиа, PR, синтетикалық медиа тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараның ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және Түркітілдес журналистер қорының Президенті Нәзия Жоямергенқызы қатысып, сессия өз жұмысын бастап кетті. Шетелдік және отандық қонақтар өз ойларын ортаға салды, арасында сұрақ қойып та үлгердім, тиісінше, Молдова өкілі ҚР мен өз елінің қарым-қатынасы мәселесін көтерсе, Әзербайжан өкілі қос мемлекеттің туыстық қатынастарына тоқталды. Ал, Түркия өкілі бәрімізге түсінікті болу үшін «Түркістан тілінде» (яғни, қазақша, түрікше, өзбекше араластырып, бірақ ұғынықты) сөйледі, сол сияқты, Еуропа елдерінен келген өкілдер (түрік диаспорасы өкілдері, мысалы, Франция, Швейцария, Солтүстік Кипр елдерінен келген қонақтар) де түрік тілінде сөйлеп жатты. Жалпы, сессия жұмысы қазақша, түрікше, қырғызша, өзбекше, әзербайжанша – бәрімізге түсінікті түркі тілдерінде жүрді, тек, бірлі-жарым ағылшынша және орысша демесеңіз, Форумның бәрі, басым бөлігі ана тілімізде – мемлекеттік тілде өтті.
Ал, тақырып бойынша айтатын болсақ, туризм туралы келелі ұсыныстар берілді, мысалы, таяу болашақта туристер санын 100 млн., ал, туризмен табысын 90 млрд. долларға жеткіземіз деп отырған түрік ағындардың ұсыныстары құба-құп. Ақпарат саласындағы жалған ақпарат, исламофобия, түркіфобия, нәсілдік кемсіту, өзге де фобиялар туралы айтылды. Өз басым құнды ақпараттарға қол жеткіздім, оның үстіне, туризм мен ақпарат саласы дәл осы Форумның басты тақырыптарының бірі еді. Әсіресе, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы басшысы Талғат Аманбаевтың ішкі туризмге қатысты ойлары ойлантарлық болатын. Айтқандай, Өзбекстан өкілінің пікірлері қазіргі күні ол елде туризмнің қаншалықта дамып жатқанынан хабар берер. Жақын болашақта, Қазақстан да туризмнен ойып тұрып орнын алар деп үміттенемін.
Және, Форум аясында ерекше ықыласымды тудырған ол жасанды интеллект тақырыбы болды. Жалпы, осындай деңгейдегі жиындарды жиі өткізіп тұру керек деген ойға келдім.
Форум аяқталған соң, кешкі асымызды ішіп, уақытымызды Қапшағай көлінің жағасында өткіздік. Әрине, адам қарасы көп, кемшіліктері де бар, алайда, жолға қойса 2,5 млн. халқы бар Алматы үшін Қапшағай қаласы мен көлі ішкі туризмнің басты нысандарының біріне айналатыны сөзсіз. Қалай десек те естіген бір басқа да көзбен көрген өзгеше екен. Сөйтіп, үшінші күніміз де өз мәресіне жетті.
#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkicspeakingjournalists #turkdilikonusangazetecilervakfi
#ФорумАлматы
#Шарын #Көлсай
#almatyregion #almatyregion2023 #regionofalmaty2023
#almatyobl
#tourismforumkazakhstan #Ақпаратминистрлігі #МКС #Qazaqtourizm #qazaqbitum #Almatyzhastary #medcom #AltynJulduz #GS #сәттіжұлдыз #sattizhuldyz
