Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

І Халықаралық медиа және туризм форумы аясындағы төртінші күніміз.

Ұмытып барады екенмін ғой, Форум аясындағы сессия жұмысы аяқталған соң Кешкі гала ас берілген болатын. Алматы облысы әкімдігі бұл шараны да жақсы ұйымдастырыпты. Кешкі асымыз концерт дерсіз, жақсы ән мен күй тыңдап, рухани байып қалдық. 17 елден келген шетелдік қонақтар қазақ музыкасының сарынына елтіп, еріксіз ортаға шығыр, арты би алаңына айналып кетті.

Табиғаттан ерекше қуат алған және Форум жұмысын аяқтаған біз жағажайдағы қонақ үйіміз ауласында тағы да поэзия кешін өткізіп, түнгі үшке дейін мәре-сәре болдық. Ал, таңғы бесте тұрып, Әуе шарлары шоуы қайдасың деп жиылып алып қала сыртына шығып кеттік. Әуе шарларының идеясы әрине, Каппадокиядағы шоуды елестетеді, тек біз барған кезде ауа-райына байланысты аспанға ұшу болмай қалды. Сөйтіп, қонақ үйге қайтып келген соң автобуспен Алматыға жолға шықтық. Негізінде, үшінші күннің өзінде кейбір әріптестеріміз тарай бастаған. Біз сияқты алыстан келгендер үшін бәрі есептеулі, яғни, Астанаға ұшатын билетіміз 24 шілде күні еді, сондықтан, ару Алматыдан, қонақ үйден орын алу керек болды. Тұрақты пайдаланатын сервисім - https://www.booking.com/ жұмыс істейтіні қандай жақсы, жедел мейманханаға тапсырыс бердім, Алматы шаһарына да жеттік.

Жалпы, мен екі нәрсеге назар аударғым келеді. Бірінші, жылдан жылға қазақ тілді журналистердің санының және күшінің артуы. Бұл Форум соның бір дәлелі іспеттес. Екінші, Форумға 17 шетел мемлекеті мен Қазақстанның түпкір-түпкірінен қонақтар келгенімен, еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінен журналистер қарасы өзге аймақтарға қарағанда көп болды. Неге олай деп ойласам, аталған екі өңір негізінен қазақ тілді аймақтар екен ғой. Ал, мен мысалы, Астана қаласында тұрсам да Қостанай облысын білдірдім.

Сонымен, оңтүстік астанаға да жеттік. Күн қайнап тұр. Қонақ үйге орналасып, жуынып-шайынып, шамалы ес жиғандай болдым. Осындағы сыныптасыма хабарласып, түскі ас ішіп, Алматыдан одан әрі кететін әріптестерімізбен хабарласып, Көктөбеге бармақшы болғанбыз. Бірақ, жолдың ұзақтығы, шаршағандық бар, демалып алып барып, кешкі қаланы аралауға шықтық. Бір топ әріптестерімнің ішінде Қызылордадан келген Гүлбану атты қарындасым бар еді. Біз де қызықпыз, төртінші күні ру сұраспаймыз ба? Ол: «Қитабамын, Торы Қыпшақпын» дейді, мәссаған, мен де: "Қитабамын (оның ішінде, Қара деген атасы), дұрысы біздің елде Әлпейістен (Қитаба, Түйішке), Құлпейістен (Көкмұрын, Шашты) таратады" дедім. Жалпы, "жеті арыс Қитаба" деген ұғым бар, содан тараған ұрпақтар Қызылорданың Сырдария ауданы мен Қостанайдың Торғай өңірінде тұрады, басым бөлігі Сыр бойында деп естимін. Гүлбанудың руы Сартымақ екен, белгілі қазақ жазушысы Қоғабай Сәрсекеевтің де руы Сартымақ. Сөйтіп, қарындасымды тауып алдым.

Тағы бір қызықты жайт, мысалы, мен өзім де журналистикаға кеш келдім (дұрысы, қазіргі айналысып жүрген шаруам өлкетану мен туризм, ал, бұқаралық ақпарат құралына қатысты жұмыс оны қосалқы шаруа десе де болғандай), ал, тобымыздағы Меруерт Қалиева деген Ақтөбеден келген басқа бір қарындасымыз, бухгалтерия саласында жұмыс істесе де журналистикаға енді ден қойып жатып екен. Және бүкіл жол шығынын мен сияқты өзі өтеп келген. Меніңше, әркім орысша айтқанда өз «призваниесін» табуы керек.

Ал, ең бастысы туризм аясы сияқты бұқаралық ақпарат құралдары саласында да жаңа адамдармен танысасыз, жаңа идеялар алып келесіз, бастысы, өзіңізді де көрсетіп, өзгеден үйренесіз. Тиісінше, І Халықаралық медиа және туризм форумының берері мол деп санаймын!

#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkicspeakingjournalists #turkdilikonusangazetecilervakfi

#ФорумАлматы

#Шарын #Көлсай

#almatyregion #almatyregion2023 #regionofalmaty2023

#almatyobl

#tourismforumkazakhstan #Ақпаратминистрлігі #МКС #Qazaqtourizm #qazaqbitum #Almatyzhastary #medcom #AltynJulduz #GS #сәттіжұлдыз #sattizhuldyz

0
0
479

Осы тақырып бойынша

І Халықаралық медиа және туризм форумы аясындағы төртінші күніміз. - Yvision.kz