Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“КАНВАССИНГ” шарасы аясында үміткерлеріміз ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, кездесу өткізді

“КАНВАССИНГ” шарасы аясында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исетай Габдуллин және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Елубай Насыров, Лариса Қайырғалиева ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, кездесу өткізді.

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықтармен таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті.

Сонымен қатар, “Nur Otan” партиясы тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, алдағы 5 жылдықта жасалатын жұмыстарды айтып өтті.

Шара соңында отбасы мүшелеріне "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт парақшаларын таратып, 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға насихаттады.

0
0
163

Осы тақырып бойынша

“КАНВАССИНГ” шарасы аясында үміткерлеріміз ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, кездесу өткізді - Yvision.kz