КАНВАССИНГ шарасы жалғасуда
Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі ауылында КАНВАССИНГ шарасы аясында аудандық мәслихат депутатына үміткер Айбарша Бейсова және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исетай Габдуллин ауыл тұрғындарының үйіне барды. Сонымен қатар үміткерлеріміз шаруа қожалықтарға арнайы барып үгіт насихат жұмыстарын да қолға алды.
Кездесу барысында партияның аудандық сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын түсіндіріп өтті.
«Nur Otan» партиясы еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екені айтып, ауыл сайлаушыларының талап-тілектерін тыңдап, алдағы сайлауға белсене қатысуға шақырды.
