Катынь қырғыны

1-сурет. Катынь қырғынына ұшырағандар құрметіне қойылған ескерткіш, Польша
1939 жылғы 23 тамызда фашистік Германия мен КСРО Молотов-Риббентроп пактіне қол қойып, Шығыс Еуропаны бөліске салды. Соның нәтижесінде, Кеңес Одағы Бессарабияны (Румыния жері), Балтық жағалауы елдерін (Эстония, Литва және Латвия), Польшаның және Финляндияның бір бөлігін басып алды. Әрине, аталған мемлекеттер ішінде қатты қарсылық көрсеткендер поляктар мен финдер болды. Алайда, финдер КСРО-ға қарсы соғыста 12 процент жерінен айырылса, поляктар екі майданда қос авторитарлық режимге қарсы соғысуға мәжбүр болды. Соғыс барысында поляк әскерлері қолға түсіп, КСРО билігі олардың, яғни, шетел азаматтарының көзін жою туралы шешім қабылдайды.

2-сурет, Лаврентий Берияның Иосиф Сталинге Польша азаматтарын ату туралы жазған хаты
Сөйтіп, халықаралық және адами қасиеттерден ада, өз азаматтары түгіл, шетелдіктерді аямайтын Кеңес Одағы қолға түскен 21 857 поляк азаматын, яғни, поляк офицерлері мен сарбаздарын атып тастайды. Және, олардың отбасыларын, Қазақстанға жер аударады. Лагерлердегілердің (атылғандардан өзге) және жер аударылғандардың бір бөлігі еліне тек 1954 жылы қайтарылады.
Бұл жан түршігерлік оқиғаны КСРО көп уақыт мойындамай келді, оның шындығы тек 1990 жылдары ашылды.

3-сурет, КСРО Саяси бюросының шешімінің бірінші данасы
Ал, 2010 жылы Катынь шейіттерінің құрметіне ұшып келе жатқан Польша Президенті делегациясының 96 мүшесі әуе апатынан қайтыс болып, Польша бір күнде саяси элитасы мен әскери басшылығынан айырылды. Бұл қолдан жасалған диверсия ма емес пе деген ой келеді?! Смоленск аспанында қайтыс болғандардың бұл оқиғасының шындығы әлі ашылған жоқ.
