Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Кедергісіз келешек" жобасы

"Кедергісіз келешек" бағдарламасы негізінде құрамында аудандық мәслихат депутаты Аягөз Түсіпқалиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ернұр Қонақбаев, сектор меңгерушісі Аңсарбек Сафиоллин бар комиссия Орда ауылдық округі әкімшілігіне арнайы барып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға еш қиындықсыз кіріп-шығу үшін орындалуы тиіс талаптарды жіті түсіндірді.

Кіреберіс қақпаны, ғимарат есіктерін өлшеп, есіктердің ені арбаға таңылған жанға кіру үшін лайықты жасалуы, көз кемістігі бар жандар үшін арнайы еден төсемесі, жарықтандырғаштар, есту қабілеті төмен жандар үшін сары түсті маңдайшалар, т.б. талаптарды айтты.

-"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына енген "Кедергісіз келешек" жоспарына сай ауданда 2025 жылға дейін 78 мекеме мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықталуы тиіс,- деген бас маман А.Қонақбаев - Талаптар орындалмаған жағдайда қомақты айыппұл қарастырылғандығын жеткізді. Сонымен қатар атқарылған жұмысты тексеретін облыстық еңбек инспекциясы екендігін мәлімдеді.

0
0
246

Осы тақырып бойынша

"Кедергісіз келешек" жобасы - Yvision.kz