ҚКХП ұсынған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Шымкент және Қызылорда қалаларындағы аймақтық сайлауалды штабтарының іс-шаралары
Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Т. Сыздықовтың Шымкент қаласындағы сайлауалды штабы атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.
Насихат жұмыстарының барысы туралы сайлауалды штабтың жетекшісі Нұрлан Қадырқұлов айтып берді.
Ол Оңтүстік Қазақстан облысы сайлауалды штабының қарқынды ақпараттық қызметі туралы баяндады: сенімді тұлғалар облыс тұрғындары арасында ақпараттық саясатты жүргізумен айналысуда.
Штаб жетекшісінің айтуынша, насихат жұмыстары жүргізіліп, студенттер және еңбекші ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, штаб кеңсесі журналистер және бақылаушылар үшін әрдайым ашық, үгіт насихат материалдарымыз жеткілікті және кандидаттың сайлауалды тобының мүшелері керекті кеңестерді беруге әзір.
Кандидат Т.Сыздықовтың сенімді тұлғасы З.Мұхамеджанов сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттарына тоқталды.
«Коммунистік халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары жатыр.
Материализм, экономикалық ілім және ғылыми коммунизм теориясы марксизмді құраушы басты бөлімдер болып табылады. Марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім болып табылады», - деп атап өтті З.Мұқамеджанов.
Қазіргі заманғы батыс өнері өзінің мазмұнын жоғалтуда және примитивті-эмоционалдық деңгейге дейін түсіп кетті», - деді ол.
Сондай-ақ ол, әлемдік коммунизм идеясы басты мақсат болып қала бермек. Коммунистік қоғамның әділетті лозунгі - «Әркімнің қабілетіне қарай, әркімнің қажеттілігіне орай».
Сонымен қатар, атқарылған жұмыстары туралы Қызылорда облысы сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев баяндады: қазіргі таңда насихат жұмыстары облыстың барлық аудандарын қамтуда.
Тұрғындармен кездесулер үнемі өткізілуде, оларға өзінің маңыздылығын жоймайтын марксизм-ленинизм идеясының негіздері түсіндірілуде.
«Ұстанымдарына берік нағыз коммунист өзіне артығын алмайды, батыстың арбаушы жарнамаларына алданбайды. Қарапайым тағамдармен қоректеніп, шашпалыққа жол бермейді, материалдық байлықты өмірдің мәніне айналдырмайды, өзінің жеке дамуына және жақындарына қол ұшын береді», - деді кандидаттың сенімді тұлғасы.
Оның пікірінше, батыстық қоғамды арам пиғылдар дендеп алған, рухани бастаулармен санаспайды, барлығы пайда табуға бағытталған.
Адамдар басты адамгершілік қасиеттерін жоғалтып, маркетинг заңдылықтарына бағынған тұтынушыларға айналуда. Батыстық жарнама өмірдің мәнін, мазмұнын, мағынасын өзгертіп белгілі бір тауарды адамдарға күштеп жүктеуде.
«Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады, себебі тұтынушылық сана, көп жағдайда, жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады. Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда», - делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында.
Аймақтық сайлауалды штабтың жетекшісі, Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында көтерілген сұрақтар қазіргі кезеңде әлемде өзектілігін табуда және тұрғындармен кездесулерде талқыға түсетін болады.
ОҚО бойынша аймақтық штабтың жетекшісі: Оңтүстік Қазақстан облысы сайлауалды штабы қарқынды ақпараттық қызмет атқаруда.
Сенімді тұлғалар облыс тұрғындары арасында ақпараттық саясатты жүргізумен айналысуда.
Сонымен қатар, штаб кеңсесі журналистер және бақылаушылар үшін әрдайым ашық, үгіт насихат материалдарымыз жеткілікті және кандидаттың сайлауалды тобының мүшелері керекті кеңестерді беруге әзір.
Коммунистік халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары жатыр.
Материализм, экономикалық ілім және ғылыми коммунизм теориясы марксизмді құраушы басты бөлімдер болып табылады. Марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде үздіксіз дамып, жетіліп отыратын шығармашылық білім.
Қазіргі заманғы батыс өнері өзінің мазмұнын жоғалтуда және примитивті-эмоционалдық деңгейге дейін түсіп кетті.
Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады, себебі тұтынушылық сана, көп жағдайда, жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады. Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда.
