Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

МӘМС: кімдер тегін стоматологиялық көмекке жүгіне алады?

Бұған дейін барлық стоматологиялық көмек ересектерге ақылы негізде көрсетіліп келді, ал үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында тегін ЖЕДЕЛ стоматологиялық көмек (яғни тісі қатты ауыратын болса) халықтың жекелеген санаттарына көрсетіледі.

Шұғыл стоматологиялық көмекке жататын халықтың санаттары: 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары, оларға теңестірілгендер; 2. 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер; 3. "Алтын алқа","Күміс алқа" алқаларымен марапатталған аналар; 4. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 5. Жасы бойынша зейнеткерлер; 6. Айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар;

Жоспарлы стоматологиялық көмекке жататын халықтың санаттары: 1. 18 жасқа дейінгі балалар; 2. Жүкті әйелдер;

Ескертпе: "Міндетті шарт - электрондық жүйеде тіркелген мәртебе және медициналық ұйымға тіркелу" - пациенттің деректерін жүйеге енгізген кезде – мысалы, жүкті әйелдің мәртебесі – "жүкті, есепте тұрады" және №5 емханаға тіркелген болуы керек, бұл стоматологиялық қызметтерді төлеуді мемлекет толығымен өзіне алады дегенді білдіреді. Алайда, егер жүкті әйелдің мұндай мәртебесі шықпаса, онда қызмет электрондық түрде мәртебесін растаусыз көрсетілуі мүмкін емес, мәртебені электрондық гинеколог – дәрігер немесе ЖТД белгілейді. - мысалы, мүгедектігі бар емделушіде мәртебесі – "мүгедектік" шығуы тиіс, №5 емханаға тіркелген, бұл стоматологиялық қызметтерді төлеуді мемлекет толығымен өзіне алады дегенді білдіреді, бірақ егер мұндай мәртебе шықпаса, онда қызметтер мәртебесін растаусыз электронды түрде көрсетілмейді және т. б. Бұрын құжаттарды ұсыну жеткілікті болды, қазір міндетті шарт – бұл электрондық мәртебені растау және пациенттің қандай да бір медициналық ұйымға бекітілуі. Тістерді протездеу, жіті ауырсынусыз тістерді емдеу немесе алып тастау ересектерге тегін негізде көрсетілетін қызметтер тізіміне кірмейді.

0
0
797

Осы тақырып бойынша

МӘМС: кімдер тегін стоматологиялық көмекке жүгіне алады? - Yvision.kz