Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Маңғыстауда "103" қызметіне шақыртулар екі есе көбейген.

Аурудың жеңіл ағымы анық­талған жағдайда ентігу және қауіп факторлары жоқ науқас үйінде қал­ды­рылып, әрі қарай емхананың учас­келік дәрігерінің қадағалауына жібе­рі­леді. Егер науқаста ауыр немесе орташа ауыр, яғни қауіпті фактор болса одан әрі емдеу үшін модульдік стационарға жеткізіледі. Айта кету керек, жедел ме­ди­циналық көмек бригадаларының қызметкерлері коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды анықтау алгоритміне оқытылып, бар­лық қажетті медициналық жабдық­тар­мен, дәрілік заттармен және қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты "103" қызметіне түсетін жүктеме де, жауапкершілік те арт­а түсті. Яғни қоңыраулар саны екі есе артып отыр. Дәрігерлердің айтуынша қатаң санитарлық нормаларды сақта­маған жағдайда отба­сы мүшелерін, соның ішінде қа­риялар, балалар, жүкті әйелдердің жұқ­тыруына әкеп соқтыруы ғажап емес. Сол себепті өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушы­ғып бара жатқанын ескеріп, сани­тар­лық нормаларды, атап айтқанда әлеуметтік қашықтықты сақтау, халық көп жиналатын орындарға баруды азайту сияқты сақтық шараларына көбірек мән беру керектігін еске салады.

0
0
182

Осы тақырып бойынша

Маңғыстауда "103" қызметіне шақыртулар екі есе көбейген. - Yvision.kz