Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Медицина қызметкерлері арасында шағын футболдан турнирдің бірінші күні өтті.

«Маңғыстау арена» спорт кешенінде «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы Тәуелсіздіктің 30 – жылдығына орай дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында облыстың медицина қызметкерлері арасында ұйымдастырылған шағын футбол турнирінің бірінші күні өтті.

Іс – шараның ашылу салтанатына Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары Асылбек Дюсенов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ғ.Алтураев және «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Сәкен Мырзакулов қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шағын футбол турнирінде облыстың медицина ұйымдарынан құралған 18 футбол құрамасы жүлделі орын үшін өзара бақ сынасты. 18 команданың ішінен суырылып шыққан облыстық көпбейінді ауруханасы, Түпқараған орталық аудандық ауруханасы, онкологиялық диспансер, Жаңаөзен медицина қызметкерлерінен құралған құрама, жедел және шұғыл жәрдем станциясы, Бейнеу орталық аудандық ауруханасы мен "Еркемед" клиникасының футбол құрамалары 5 желтоқсан күні жартылай финалда кездеседі. Атап өтейік, турнир жүлдесі: бас жүлде 200 мың теңге, екінші орын 150 мың теңге, үшінші орын 75 мың теңге алады. Сондай-ақ, жарыста үздік нәтиже көрсеткен ойыншылар «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша анықталады.

0
0
203

Осы тақырып бойынша

Медицина қызметкерлері арасында шағын футболдан турнирдің бірінші күні өтті. - Yvision.kz