Мен нұротандықпын
Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірге айналған "Nur Otan" партиясының азаматтық қоғамда орыны бөлек. "Nur Otan" партиясы- жетекші партия. Бүгінгі таңда "Nur Otan"партиясының жаңа идеялары мен тың бастамалары халықтың зор қалауына ие болып келеді. Партияның ең басты ұстанымының бірі-көпұлтты еліміздегі татаулық, бірлік арқылы ұлт тәуелсіздігі тұғырының берік орнығуына барынша ықпал етуге негізделген. Өйткені, партия саясаты мемлекеттік саясатпен және ұлттық идеологиямен үндес. "Nur Otan"партиясы өз жұмысын Елбасының "100 нақты қадам", "Ұлт Жоспары","Қазақстан-2021, Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" сайлауалды бағдарламасы, "Жұмыспен қамту-2020","Рухани жаңғыру", "Нұрлы жол","Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламаларын негізге ала отырып, партияның жобалары аясында жүргізіп келеді. Осындай мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асуының нәтижесінде бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастыққа танымал мемлекетке айналды. Осы жетістіктерге жетуге қазақстандықтардың саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді, бірлікті, бейбітшілікті таңдауы себеп болды.Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының Қазақстанның партиялық-саяси кеңістігіне енгізген ерекше жаңалығы 2020 жылы өткізген Праймериз. Мен Праймеризге "Nur Otan"партиясы атынан қатысып, партияластарымның қолдауымен Бөкей ордасы аудандық мәслихатының YII шақырылым депутаты болып сайландым. Содан бері партиямыздың жұрт алдында берген уәделерінің, ұсынған бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстанып келемін. Мен "нұротандық"болғанымды мақтан етемін. Себебі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып, халықтың қолдаушысы, бірлігіміздің нышаны болған сенімді партиямен әрқашан біргемін. Ұлт болашағы жолындағы барлық игі мақсаттарға "Нұр Отанмен" бірге қол жеткіземін.
Мәншүк Мұхамжарова, Ұялы ауылы
