Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мен нұротандықпын

"Nur Otan" партиясы Қазақстан Республикасының ең ірі президенттік саяси партиясы. Партия 1999 жылы ҚР Тұңғыш Президентті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен "Отан" партиясы атауымен құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында ойып тұрып орын алатын саяси партиялардың арасындағы сайып қыраны "Nur Otan" партиясы сол уақыттан күні бүгінгіге дейін елдің еңсесін көтерер көптеген игі істердің бастамашысына айнала білді.

Басты идеалогиясын басты құндылығын адам адамның бостандығы, әділеттік ынтамақшылдық заңның үстемдігі, отбасы және дәстүр болашаққа ұмтылыс деп бекітіп бағыт- бағдары мен даралана білген партия халықтың да көңілінен шығып құрамы да құрылған кездегіден ондаған есе артты.

Мемлекеттің,елдің, қоғамның әр саласындағы сан алуан мәселелерді әрдайым оң нұсқа да шешіп, қарапайым халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмегін аямаған "Nur Otan" партиясы қазіргі таңда ел сенген жетекші партияға айналып отыр.

Саяси партия елдегі жастарды, олардың білім алуы, оқуы, өсуі мен дамуын, белгілі бір мақсатқа жетіп өмірден, қоғамнан өз орнын таба білуін және жастарға қатысты барлық мәселелерді назардан тыс қалдырған емес.

Оның дәлелі ретінде "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының қолға алған жобаларын атауға болады. Мысалы "Кеңес орталығы" консалтинг орталықтары жастарға қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіреді, яғни тұрғын үй мәселесі, жұмысқа орналасу, құқық қорғау т.с.с жастар мәселесін шешуде осы жоба арқылы барлық деңгейдегі депутаттар, психолог,заңгерлер мамандар тегін кеңес береді. "Jas Otan" жастар қанатының тағы бір жобасы "Біз біргеміз" атты қайырымдылық шарасы. Бұл жоба әсіресе індет өршіп , карантин болған уақытта халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсетуде жетекші орын алды. "Біз біргеміз" жобасы арқылы Ұялы ауылында да мүгедек балаларға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған , көп балалы отбасыларға көптеген қайырымдылық көмектер берілгенін атап өткім келеді. Айта берсем партияның халық игілігі үшін қолға алған жобалары жетерлік.Мен қазіргі уақытта "Nur Otan" партиясы Бөкей Ордасы аудандық филиялы Ұялы бастауыш партиясының құрамындамын. Сондықтан мен "Nur Otan" дық болғаныма мақтанамын.

Жансая Аманжолова, Ұялы ауылы

#Тәуелсіздікке30жыл

0
0
159

Осы тақырып бойынша

Мен нұротандықпын - Yvision.kz