Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мен нұротандықпын

Біздің партиямыз – «Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады және олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырады.

Еліміздің жетістіктері жүздеген мың партияластардың еңбекқорлығымен, сондай-ақ біздің партиялық бағдарламаларымызды қолдайтын, жалпыұлттық және жергілікті сайлауларда партия кандидаттарына дауыс беретін қазақстандықтардың басым көпшілігінің жоғары сенімімен тығыз байланысты.

Тәуелсіздік жылдарында қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты. Олар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізіне айналып, «Nur Otan» партиясының жаңа Саяси доктринасында бекітілді. Партия мен оның барлық жақтастарының күш-жігері оларды әрі қарай нығайтуға бағытталуға тиіс.Барлық нұротандықтардың басты міндеті – халқымыздың бірлігін бекемдеу, өзінің саяси көшбасшылығын күнделікті істе дәлелдеу, экономиканы, мемлекетті және қоғам өмірінің барлық бағыттарын жаңғыртудың тағдырлы үдерістерінің басында болу.

Партия әрқашан басқарудың тиімді моделінің, жаңаруға дайын болудың, ұтқырлықтың, жан-тәнімен берілудің үлгісі болуға тиіс.Мен Nur Otan партиясының қатарында болғаныма мақтан етемін.

Ерлан Ермекқалиев, Ұялы ауылы.

#меннұротандықпын

0
0
135

Осы тақырып бойынша

Мен нұротандықпын - Yvision.kz