"Мен нұротандықпын"
Әр мемлекеттің алға сүйрейтін жетекші партиясы болады. Біздің еліміздегі жетекші саяси күш "Нұр Отан" партиясы. Партия сындарлы сәттерде әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да, күрделі міндеттерді атқарып келеді. 1991 жылы Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдармен салыстырғанда қазіргі жағдайымыз жер мен көктей деп айтуға болады. Біздің жеріміз ұлан-байтақ, кең жазиралы сайын даламыз өсімдіктерге, суға, минералды элементтерге бай. Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны - Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Отыз жылдың ішінде елімізде біраз ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл - еліміздің әр азаматының сіңірген еңбегінің нәтижесі. Партияның алға қойған мақсатының дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Менің кішкентай жүрегім әрқашан Отаным деп соғады. Құстың ұясыз болмайтыны сияқты адам да Отансыз болмайды. Менің ойымша, болашақта Қазақстан ең дамыған елдердің алдында тұрады. Гүлденген, көркейген мемлекет болатынына еш күмәнім жоқ.
Ләззат Нуралиева, САйқын ауылы
#менНұрОтандықпын
#БастауышПартияНегізі
